Екінші халықаралық жазғы мектеп - “Protect Environment – 2025”.

Protect Environment – 2025
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ | 26 маусым – 9 шілде
Биыл жазымыз ғылыми серпіліспен басталды – екінші халықаралық жазғы мектеп “Protect Environment – 2025” табысты түрде өтті!
Жазғы мектеп тақырыбы:
“Methods of assessing the anthropogenic impact on the environment: geosystems, society, education, culture and worldview”
Мақсаты – БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (SDGs) қолдай отырып, экологиялық жауапкершілікке ие жастардың халықаралық платформасын қалыптастыру.
Дәріс оқыған ғалымдар мен тақырыптар:
Scientific, innovative and educational activities of the G&ES Faculty – Prof. Aliya Aktymbayeva
Environmental Impact Assessment Methodology – Dr. Aina Rysmagambetova
Disaggregation strategies for demographic data in Central Asian countries – Zabira Rakhymbay
Geospatial Intelligence for River Flow Prediction in the Balkhash Lake Basin – Dr. Asset Yegizbayeva
Development of remote sensing methods for zoning fields of irrigated agriculture – Dr. Kyrgyzbay Kudaybergen
Spatial and temporal analysis of land use change in peri-urban areas – Kairat Augambaev
The GIS in environmental management – Prof. Aizhan Assylbekova
Study of land use dynamics and research in this area – Aisa Sankibay
Далалық сабақтар мен ғылыми сапарлар:
– Іле-Алатау МҰТП – “Japanese trail” бойымен жаяу маршрут
– Шарын шатқалы – “Valley of Castles” бойымен экскурсия
– Медеу және селден қорғаныс бөгеті
– Kazhydromet метеостанциясы мен ауа райы болжау орталығы
Зертханалық және ғылыми инфрақұрылыммен танысу:
– Ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау орталығы
– KitLab шығармашылық кеңістігі – студенттерге арналған инновациялық орта
Спорт пен мәдениет:
– Теннис ойыны
– Алматы Арбаты мен Көк-Төбеге серуен
– Мәдени кештер, тимбилдинг, халықаралық қарым-қатынас
Бұл жазғы мектеп қатысушыларға ғылым, табиғат және мәдениетті үйлестіре отырып, жаңа идеялармен шабыттанып, достық байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Біздің ұранымыз: “Жастар – тұрақты болашақтың кепілі!”