Диплом табыстау рәсіміндегі құттықтау сөзіFarabi University

Диплом табыстау рәсіміндегі құттықтау сөзі

1 июля, 2025

Құрметті депутаттар,

университетіміздің қадірлі қонақтары,

ата-аналар,

оқытушы-профессорлар құрамы,

бітіруші түлектер!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қош келдіңіздер!

Өздеріңіз білетіндей, желтоқсан айында 200 мыңнан аса түлек даярлаған оқу орнымыз 90 жылдық мерейтойын атап өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы құттықтап, «Қасиетті қара шаңырақ ғасырға жуық уақыт ішінде іргелі білім ордасына айналды» деп жоғары баға берді.

90 жылдыққа тарту ретінде ҚазҰУ базасында тек бір жылдың ішінде 80-ге жуық оқу аудиториясы жаңартылып, 30-ға жуық ғылыми зертхана ашылды.

Бүгін осы инновациялық орталықтармен танысуға Астана қаласынан бірқатар депутаттар арнайы келді.

Екі сағатқа жуық қалашықты аралап, ҚазҰУ жетістіктерімен танысты.

Қазір бітіруші түлектерге арнайы диплом табыстайтын болады.

Атап айтқанда олар:

1.Алтынбек НҰХҰЛЫ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. ҚазҰУ түлегі. Химия факультетін 1984 жылы үздік бітірген.

Химия ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Инженерлік ғылымдар халықаралық академиясының академигі.

2.Нұртөре Байтілесұлы ЖҮСІП, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Журналистика факультетін 1984 жылы бітірген.

Қазақстан Республикасы Журналистер академиясының академигі;

Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі;

Қазақстанның құрметті журналисі.

3.Жанарбек Садықанұлы ӘШІМЖАНОВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

1999 жылы журналистика факультетiн бітірген.

ҚР Президенті сыйлығының лауреаты.

«Панда жылаған жаз», «Алғашқы қоңырау» кітаптарының авторы.

4. Айдос Әміроллаұлы САРЫМ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

1997 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетін бітірген.

5.СМИРНОВА Ирина Владимировна, депутат Мажилиса Парламента РК.

Член попечительского совета общественного социального фонда «Қазақстан халқына».

6. Мәртебелі меймандарымыздың қатарында қоғам белсендісі, ҚазҰУ-дың 1990 жылғы түлегі Гүлнар Мансұрқызы Омарова да келіп отыр.

Гүлнар Мансұрқызы еңбек жолын Психология кафедрасынан бастаған.

Сондай-ақ ҚазҰУ қоғамдық кеңесінің мүшелері ортамызда.

1. Амандық Ғаббасұлы БАТАЛОВ

2. Мұсабек Тұрғынбекұлы ӘЛІМБЕКОВ

3. Алик Жатқамбайұлы ШПЕКБАЕВ

4. Мырзакәрім Кәрімұлы АЛШЫНБАЕВ

5. Маратқали Ордабайұлы НҮКЕНОВ

 

Уважаемые гости!

Казахский национальный университет имени Аль-Фараби занимает 166-е место в международном рейтинге QS World University Rankings.

Среди вузов постсоветского пространства в эту престижную группу входят только два университета:

КазНУ им. Аль-Фараби и МГУ им. М.В.Ломоносова.

В этом году университет также занял 29-е место в международном рейтинге QS Asia University Rankings.

КазНУ наладил тесные связи с более чем 700 высшими учебными заведения­ми Западной и Восточной Европы, Северной Америки, Азии и Тихоокеанского региона.

В университете реализуются программы двойного диплома с университетами Европы, США, Юго-Восточной Азии, России по 120 специальностям.

11 мая 2022 года в рамках официального визита главы государства в городе Стамбул открылся филиал КазНУ.

26 мая  2022 года Президенту Касым-Жомарту Токаеву в ходе визита в Бишкек был презентован филиал КазНУ.

В конце 2024 года  при участии президентов двух стран на базе Омского государственного университета им. Ф.М.Достоевского РФ был открыт филиал КазНУ им. Аль-Фараби.

 (Он будет осуществлять подготовку бакалавров и магистров по таким образовательным прог­раммам, как «Международное право», «Казахская филология» и «Таможенное дело».

 В будущем будет реализована образовательная программа двойного диплома).

Также на базе КазНУ был запущен филиал Национального ядерного исследовательского университета МИФИ (Московский инженерно-физический институт);

Северо-западный политехнический университет, Китай.

 

В настоящее время учёные КазНУ реализуют 368 проектов на общую сумму 13 миллиардов тенге.

В 2024 году в рамках празднования 90-летия, на базе КазНУ было открыто 30 лабораторий.

В КазНУ установлен самый мощный суперкомпьютер в Центральной Азии.

Его поставка реализована в рамках соглашений между Казахстаном и Китаем, подписанных во время визитов глав государств.

Производительность суперкомпьютера составляет 2000 терафлопс, он входит в список 600 лучших в мире.

Кластер используется в проектах по геномным исследованиям, анализу Big Data и разработке ИИ.

Устройство будет применятся в системе видеомониторинга проекта Smart City в Алматы.

 Суперкомпьютер значительно ускоряет научные исследования и повышает точность вычислений.

Его внедрение усиливает ИТ-потенциал страны и способствует подготовке квалифицированных кадров.

Также он задействован в создании казахской языковой модели (LLM).

В марте 2024 года в КазНУ открылась казахстанско-китайская лаборатория дистанционного зондирования совместно с Китайской академией наук.

Лаборатория занимается спутниковым анализом экологических проблем Центральной Азии.

Цель – разработка научных моделей и прогнозов для устойчивого развития региона.

Учёные используют мультиплатформенные технологии, включая спутники, дроны и наземные датчики.

 КазНУ также реализует проект по устойчивому сельскому хозяйству в засушливых зонах, включая строительство «умных» теплиц с капельным орошением и контролем микроклимата. 

Проект позволяет сократить водопотребление на 30% и повысить урожайность до 20%.

Очередной успех в науке КазНУ – это кластер Farabi Chem Science.

Центр объединяет 9 лабораторий, занимающихся передовыми исследованиями в экологии, энергетике, медицине, нефтехимии и материаловедении.

Здесь разрабатываются инновационные материалы для аккумуляторов, антикоррозионные и огнеупорные покрытия, биомедицинские препараты и полимерные композиты. 

 Совместно с международными компаниями созданы новые катализаторы и технологии гидрирования.

В университете также открыт гальванический цех для практической реализации разработок.

 Созданы эффективные лекарства и перевязочные материалы на полимерной основе.

Разработаны уникальные антибактериальные покрытия для медицинских изделий, в разы дешевле зарубежных аналогов.

Центр активно вовлекает студентов в исследования и стартапы, формируя новые поколения ученых.

 

ҚазҰУ қалашығы – 2

       

Қазіргі уақытта ҚазҰУ-дың ІІ даму жоспары аясында әрқайсысы 677 орынға арналған 4 жатақхананың құрылысы жүруде.

Сонымен қатар әрқайсысы 1070 орынға арналған жетіқабатты үш оқу корпусының құрылысы басталды.

ҚазҰУ қалашығының құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен және жеке бақылауымен қолға алынып отыр.

2022 жылы 1 маусымда Президент ҚазҰУ-ға келген сапарында қалашық құрылысы ІІ  кезеңінің бас жоспарымен танысып, бекіткен болатын.

Жалпы, болашақта 12 мың орынға арналған жатақхана, тоғыз оқу корпусы және профессорлық-оқытушылық құрамға арналған 1080 пәтерлік 10 тұрғын үй салу көзделген.

Сондай-ақ технопарк, инновациялық хаб, медициналық орталық, спорттық-сауықтыру орталығын салу жоспарымызда бар.

Өткен жылы ҚазҰУ стадионына күрделі жөндеу жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы мен Спорт сарайына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Көпшілікке түсінікті болу үшін Студенттер сарайының күрделі жөндеу жұмыстарына тоқтала кетейін.

Дворец был построен в 1989 г. За 35 лет эксплуатации никаких работ по техническому обследованию не проводилось.

С целью определения степени износа здания в 2023 году проведено техническое обследование.

Экспертами обнаружены дефекты в несущих и ограждающих конструкциях здания. В частности:

- отсутствие части железо-бетонного ригеля и оголенные участки конструкции;

-  отсутствие железо-бетонных стен в подвальном этаже (засыпано грунтом).

Визуально обнаружить указанные проблемы без демонтажа чистовой отделки практически невозможно. 

Университет учитывает сохранение Дворца как объекта историко-культурного наследия, а также безопасность студентов и сотрудников вуза.

Поэтому требуется выполнить капитальный ремонт и восстановительные работы.

 

Құрметті қонақтар!

Білім ордасында әр кезеңдерде Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Зейнолла Қабдолов,  Алтай Аманжолов, Яхия Әубәкіров, Мәулен Балақаев, Әбілфайыз Ыдырысов сынды академик-профессорлар дәріс оқыды.        

Ақын-жазушылар Олжас Сүлейменов, Әбіш Кекілбаев, Кемел Тоқаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Әзілхан Нұршайықов, Сағат Әшімбаев, Мырзатай Жолдасбековтер әдебиет саласын әлемдік биікке көтерді. 

Филология ғылымында Зейнолла Қабдолов, Әбдуәли Қайдар, Тұрсынбек Кәкішев, Алма Қыраубаева, Шора Сарыбаев, Мүсілім Базарбаев, Шериаздан Елеукенов, Рымғали Нұрғали, Бейсенбай Кенжебаевтардың есімдері ерекше аталады.

Қазақ журналистикасын Темірбек Қожакеев, Тауман Амандосов, Қалижан Бекхожин, Марат Барманқұлов жаңа белеске шығарды.

Тарих ғылымында Манаш Қозыбаев, Уахит Шәлекенов, Жарас Ибрашев, Кеңес Нұрпейісов, Кемел Ақышев, Оразақ Смағұловтың аты аңызға айналды. 

Философия ғылымында Ағын Қасымжанов,   Жабайхан Әбділдин, химия саласында Батырбек Бірімжанов, физика-математика ғылымында Мейірхан Әбділдин, Құлжабай Қасымовтар өзіндік дара жолын салды.

Сұлтан Сартаев, Юрий Басин, Салық Зиманов отандық заң-құқық ғылымының негізін қалап, мектебін қалыптастырды.

 

Біз әрдайым ҚазҰУ түлектері арасынан:

1 – вице-президент,

3 – премьер-министр шыққанын мақтан тұтамыз.

Сондай-ақ:

7 – Парламент палатасының төрағасы

7 – Мемлекеттік хатшы, (1 Мемлекеттік кеңесші)

5 – Президент Әкімшілігінің жетекшісі

6 – Жоғарғы сот төрағасы

8 – бас прокурор

57 – министр

14 – облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдері

4 – Жазушылар одағы басқармасының төрағасы

24 – бас редактор.

Оның ішінде 12 – «Егемен Қазақстан» газетінің,

9 – «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы

41 – төтенше және өкілетті елші

64 – жоғары оқу орнының ректоры

80 – академик,

130 – Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.

Қазіргі таңда жауапты қызмет атқарып жүрген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев,

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин,

Президент көмекшісі Ержан Қазыхан, Президент кеңесшілері Бауыржан Омаров, Мәлік Отарбаев,

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары және сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу осы қара шаңырақтан түлеп ұшты. 

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

Құрметті қонақтар!
 

Биыл алдыңғы толқынның ізін жалғап, университетімізді      7080 түлек бітіріп отыр.

Оның ішінде 5410 студент – бакалавр,  1163 – магистр,  507 докторант диплом алады.

 1404 студент қызыл диплом иесі.

Биылғы бітіруші түлектердің қатарында 660 шетел азаматы бар.

Олар Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Ауғанстан, Өзбекстан, Ресей, Жапония, Индонезия, Иран, Пәкістан, Түркия, Гана және Қырғызстан мемлекетінен келген.

Шетелдік білім алушылардың 12-сі оқуын үздік дипломмен аяқтады.

Бұл – ел болашағын өркендететін, жаңа Қазақстанды қалыптастыратын ҚазҰУ-дың жаңа толқыны.

 

Құрметті түлектер!

 

ҚазҰУ-ды бітіру  – бұл тек қана жоғары оқу орнын аяқтап, диплом алу ғана емес. Сонымен қатар үлкен мәртебе және өмір бойғы жауапкершілік.
Сіздер университет қабырғасынан тек кәсіби білім алып қана қоймай, рухани құндылықтар мен адамгершілік қағидаларды бойға сіңірдіңіздер деп ойлаймын.

Қай салада қызмет етсеңіздер де, адал еңбектеріңіз бен Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз әрдайым алдыңғы қатарда болсын.

Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыз еліміздің өркендеуіне зор үлес қосатынына сенім білдіремін.

Ақ жол!