📢 «8D05104 – Генетика» бағдарламасы бойынша докторантураға қабылдауға конкурс басталдыFarabi University

📢 «8D05104 – Генетика» бағдарламасы бойынша докторантураға қабылдауға конкурс басталды

20 шілде, 2025

 

🔹 Мемлекеттік білім беру гранттарының саны – 10.

🔬 Бағдарлама генетика, молекулалық биология және геномика саласында сыни ойлай алатын, ғылыми және педагогикалық қызметке қабілетті, заманауи әдістерді меңгерген мамандарды даярлауға бағытталған.

Докторанттар:

  • эволюциялық, молекулалық және жалпы генетика бағыттарында заманауи әдістерді меңгереді;

  • биология, медицина, ауыл шаруашылығы мен биотехнология салаларында зерттеу жұмыстарын жүргізеді;

  • жаңа генетикалық технологиялар мен диагностикалық әдістерді әзірлейді;

  • цифрлық және интерактивті құралдарды қолдана отырып оқытушылық қызмет атқарады;

  • халықаралық және пәнаралық жобаларда кәсіби қызметін жүзеге асырады.

📍 Мекенжай: Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 71, Биология және биотехнология факультеті, 324, 328, 526-кабинеттер
📞 Телефон: +7 (727) 377-33-33 (ішкі: 12-06, 19-72, 19-37)