ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ТУРАЛЫ ЕСЕПFarabi University

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ТУРАЛЫ ЕСЕП

31 тамыз, 2025

 

 

 

2025 жылғы 29 тамызда Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның өткізілу күні символдық мәнге ие – дәл осы күні, 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонында алғашқы ядролық жарылыс жасалды, ал 1991 жылы осы күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен полигон ресми түрде жабылды. Дөңгелек үстел БҰҰ-ның 80 жылдығына және халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына орайластырылды.

Дөңгелек үстелді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ-ның академиялық аймақтық ақпарат орталығы, БҰҰ-ның Алматы қаласындағы Ғаламдық коммуникациялар департаментінің Өкілдігі және «29 тамыз» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, академиялық қауымдастық, халықаралық қауіпсіздік саласының сарапшылары, сондай-ақ жас ғалымдар мен студенттер қатысты.

Қатысушыларға құттықтау сөзін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор Жұлдыз Талғатқызы Сайрамбаева арнап, ядролық қарусыздану тақырыбының Қазақстан мен бүкіл әлем үшін маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел аясында сөз сөйлегендер:

  • ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілі Асель Оралбаева;
  • Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы консул-кенесшi Александр Фёдорович Беляев;
  • Бас консулдың орынбасары Люй И – ядролық қауіпсіздік мәселелеріндегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті;
  • ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қаласындағы өкілдігінің жетекшісі Асель Қожахметқызы Назарбетова.

Қатысушылардың ерекше назарын «29 тамыз» қоғамдық қорының басшысы Нұрлан Кешримұлы Бозтаевтың баяндамасы аударды. Ол қордың қызметі нәтижелерімен бөлісіп, ядролық сынақтардың зардаптары туралы тарихи жадты сақтаудың қажеттілігін атап өтті.

 

Дөңгелек үстел жұмысына жас ғалымдар мен студенттердің, соның ішінде БҰҰ академиялық аймақтық ақпараттық орталығының белсенділерінің зерттеу жобалары мен антиядролық бастамаларды ілгерілетуге арналған жаңа тәсілдері маңызды үлес қосты.

Дискуссия барысында қатысушылар қазіргі заманғы сын-қатерлер мен ядролық қарусыздану саласындағы перспективалар жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, бұл жұмыс Тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асырылуымен тікелей байланысты екені атап өтілді (атап айтқанда, ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» және ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік»), бұл қауіпсіз және бейбіт болашақты құрудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындайды.

Іс-шара жалпы естелік суретке түсумен және достық кофе-брейкпен аяқталды.

Жауапты ұйымдастырушылар – Деловарова Лейла Фёдоровна; Бозтаев Нұрлан Кешримұлы және БҰҰ академиялық аймақтық ақпарат орталығының белсенділері.