«Jastar Generation – 2025» жастарды ынталандырып, жаңа идеяларға жол аштыFarabi University

«Jastar Generation – 2025» жастарды ынталандырып, жаңа идеяларға жол ашты

15 қыркүйек, 2025

Әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты – «Ассамблея жастары» ұйымдастырған халықаралық «Jastar Generation – 2025» жастар лагері қатысушыларымен кездесу шарасы өтті.
Бұл шара Орталық Азия жастары арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ этносаралық татулық пен мәдени әртүрлілікті дәріптеуге бағытталған.

«Jastar Generation – 2025» халықаралық жастар лагерінің басты мақсаты – өңір жастары арасында этносаралық диалогты дамыту, түрлі мәдени және әлеуметтік топтар өкілдері арасында өзара құрмет пен сенім атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ ортақ жобалар арқылы ынтымақтастықты нығайту.

Іс-шара аясында инклюзия қағидаттарына ерекше назар аударылды. Қатысушылар қоғамдағы әртүрлілікті қабылдау, кемсітусіз орта құру және ерекше қажеттіліктері бар жастардың әлеуметтенуін қолдау сынды маңызды тақырыптарды талқылады.
Диалог барысында қатысушылар инклюзивті білім беру, тең мүмкіндіктер мен әлеуметтік әділеттілік мәселелері бойынша пікір алмасып, жастар арасындағы инклюзивті мәдениетті қалыптастыру жолдарын қарастырды.

Бұл кездесу — этностық, әлеуметтік, мәдени және физикалық ерекшеліктеріне қарамастан, барлық жастың қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік беретін ашық әрі инклюзивті орта құруға бағытталған маңызды қадам болды.