Халықаралық қатынастар факультеті «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қостыFarabi University

Халықаралық қатынастар факультеті «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосты

20 қыркүйек, 2025

Халықаралық қатынастар факультеті республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен жалпыуниверситеттік сенбілікке белсене қатысты.

Факультет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы бірлескен еңбектің нәтижесінде кампус аумағы абаттандырылып, тазарту және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Мұндай игі бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға және университет қауымдастығының корпоративтік рухын арттыруға ықпал етеді.

Факультеттің аталған акцияға қатысуы қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің білім беру үдерісі мен жас ұрпаққа экологиялық құндылықтарды дарытудың ажырамас бөлігі екенін тағы бір мәрте айқындады.

Университет басшылығы барша студенттер мен оқытушыларға ортақ іске жауапкершілікпен қарағаны және белсенділігі үшін алғысын білдіреді.