
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде Отбасы күніне орай арнайы шаралар ұйымдастырылды. Шара аясында «Саналы некеге қадам» тақырыбында дәріс өтті. Оған психолог-Сейтова А.А., медбике-Оспан Г.Д. және колледждің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Идрисова Г.А. қатысты. Бұл дәрісте жастарға некеге саналы түрде қадам жасауға қажетті психологиялық, заңдық және медициналық кеңестер берілді.
Сонымен қатар, жастарға отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында қатысушылар отбасы құндылықтары, репродуктивті денсаулық мәселелері және болашақ отбасы өмірін жоспарлау жөнінде мағлұмат алды.
Бұл шаралар жастардың денсаулығын сақтау, саналы отбасын құруға және отбасы институтының маңыздылығын арттыруға бағытталған.
Басқа жаңалықтар

.jpeg)
