- Басты бет
- Жаңалықтар
- Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент О.Имамбектің қатысуымен «Ұстаз жолы-ғылым жолы” атты ашық кураторлық сабақ
Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент О.Имамбектің қатысуымен «Ұстаз жолы-ғылым жолы” атты ашық кураторлық сабақ
2025 жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күніне орай теориялық және ядролық физика кафедрасының студенттеріне арналған «Ұстаз жолы – ғылым жолы» атты кездесу өтті. Іс-шараға физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент О. Имамбек арнайы шақырылды. «Ұстаз жолы – ғылым жолы» атты бұл кездесу барысында ол өзінің ғылыми-педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, жас ұрпаққа ұстаздық жолдың мәні мен жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар, доцент О. Имамбек еліміздегі физика ғылымының қазіргі даму үрдістеріне тоқталып, саланың өзекті мәселелерін шешудің мүмкін бағыттары жөнінде ой қозғады. Ол студенттерді ғылымға қызығушылықпен қарауға, білімді тәжірибемен ұштастыруға және отандық ғылымның дамуына үлес қосуға шақырды.
Кездесу жылы пікір алмасу түрінде өтіп, студенттер ғылым жолы мен болашақ мамандыққа қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Басқа жаңалықтар

