«Ғылым және білім – еліміздің дамуының негізгі тірегі» дәрісі ТДМ-1 бағыты бойынша өткізілді.Farabi University

«Ғылым және білім – еліміздің дамуының негізгі тірегі» дәрісі ТДМ-1 бағыты бойынша өткізілді.

3 қазан, 2025

01 қазан 2025 ж. Биология және биотехнология факультетінде “6В05102 – Биология” білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне «Ғылым және білім – еліміздің дамуының негізгі тірегі» тақырыбында дәріс оқылды. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары аясындағы ТДМ-1 (Кедейлікті жою) бойынша ұйымдастырылды. Дәрісті PhD, қауымдастырылған профессор Нурмаханова Ақмарал Садықовна жүргізді. Кездесу барысында ғылым мен білімнің әлеуметтік-экономикалық өрлеудегі рөлі, жастардың ғылыми бастамаларын қолдау және «университет–қоғам» әріптестігі мәселелері талқыланды. Студенттер белсенді сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Ботаника агроэкология кафедрасы