Абайдың мұрасы – мәңгі, оны ұлықтау – біздің ортақ борышымыз!

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ерекше іс-шара ТДМ-4 «Сапалы білім беру» бағытына сәйкес студенттер арасында өтті. Бұл күн ұлы ақынның рухани мұрасын дәріптеуге, жастарды адамгершілікке, білім мен өнерге баулуға арналды.
Іс-шара бағдарламасы мазмұнды әрі тағылымға толы болды:
* Студенттер Абайдың шығармалары мен қара сөздерінен үзінділер оқып, терең ойларын талқылады;
* Өнерлі жастар ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті;
* Абайдың өмірі мен еңбегіне арналған әдеби викторина ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара арқылы жастар қазақ халқының ұлы тұлғасы Абайдың өнегелі өмірі мен даналық ойларын жаңаша қырынан таныды. Абайдың «Толық адам» ілімі – бүгінгі ұрпақ үшін де рухани бағдар, ізгілік пен білімге жетелейтін жол екені тағы да айқындалды.
Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.
Эдвайзерлер: Андабаева Г.К., Тураров Д.Р.
Басқа жаңалықтар


