Пресс-релизFarabi University

Пресс-релиз

4 қазан, 2025

Алматы, Қазақстан – 2025 жылғы 6–8 қазан

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің кітапханасында 2025 жылғы 6–8 қазан күндері «Экологиялық тұрақтылық: жаңа мүмкіндіктер, өзекті мәселелер және олардың шешімдері» (ICESICS 2025) атты халықаралықконференция өтеді. Бұл ауқымды іс-шара экология, биотехнология және тұрақты даму мәселелерінталқылау үшін 15-тен астам елдің ғалымдарын, сарапшыларын және практиктерін біріктіреді.

Негізгі деректер:

Күні: 2025 жылғы 6–8 қазан

Өтетін орны: Алматы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУкітапханасы

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университеті және Экологиялықтұрақтылық қоғамы (SES, Үндістан)

Қатысушылар: Қазақстан, Үндістан, Өзбекстан, Мысыр, Ресей, БАӘ және басқа да елдерден 100-ден астам ғалымдар.

 

Бағдарлама бағыттары:

Конференция пленарлық мәжіліспен ашылады. Басты баяндамашылардың қатарында профессор Навин Кумар Арора (Үндістан), профессор НуралыАкимбеков (Қазақстан), профессор НандулуРагхурам (Үндістан) және басқа да ғалымдар бар.

Конференция тақырыптары:

- экология мен ауыл шаруашылығындағыбиотехнологиялық шешімдер,

- биоремедиация және биокөмір өндірісі,

- агрожүйелерді тұрақты басқару,

- биоыдырайтын материалдар мен «жасыл» технологиялар,

- климаттың өзгеруінің биоалуантүрлілікке әсері.

БҰҰ ТДМ-мен байланыс:

ICESICS 2025 конференциясы БҰҰ-ның Тұрақтыдаму мақсаттарына (ТДМ) тікелей үлес қосады:

ТДМ 2 – Аштықты жою

ТДМ 3 – Денсаулық пен амандық

ТДМ 6 – Таза су және санитария

ТДМ 7 – Қолжетімді әрі таза энергия

ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер

ТДМ 12 – Жауапты тұтыну мен өндіріс

ТДМ 13 – Климаттың өзгеруімен күрес

ТДМ 15 – Құрлық экожүйелерін сақтау

Жарияланымдар:

Барлық қатысушылардың тезистері Scopusбазасына енгізілген жоғары перцентильдіжурналдарда жарияланады.

Толық мақалалар халықаралық EnvironmentalSustainability (Springer, IF 3, Scopus, WoS) журналында және Springer Nature баспасыныңұжымдық монографиясында жарияланады.

Мәдени бағдарлама:

Бағдарламаға қатысушыларды марапаттау, ІлеАлатауы тауларына экскурсия және гала-кешкі ас кіреді.

БАҚ үшін байланыс:

Веб-сайт: https://icesics.farabi.university/

E-mail: kaznu.conference2025@gmail.com