Студенттер қатарына қабылдау салтанатты шарасындағы сөзі

Құрметті Саясат Нұрбекұлы,
Қайрат Әбдіразақұлы!
университет қонақтары!
Әріптестер, білім алушы жастар!
Бүгін – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ерекше күн.
Өйткені біз биыл оқуға түскен студенттердің жаңа буынын қарсы алып отырмыз!
1 курс студенттерімен бірге университетімізге жаңа үміт, жаңа күш, жаңа толқын жастар келді деп есептеймін.
Баршаңызды осы қуанышты сәтпен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті әріптестер, студенттер!
Бүгінгі кешімізге Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлы арнайы қатысып отыр.
Сондай-ақ Қайрат Әбдіразақұлы Мәми – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы,
Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты –Бибігүл Жексенбай ,
Цзян Вэй ханым – Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы,
Түркия Ғылым академиясының академигі Торғай Анар,
Кенан Коч – Мұғла Сыткы Кочман университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы қатысуда.
Дорогие друзья!
В этом году в церемонии посвящения в студенты впервые принимают участие обучающиеся зарубежных филиалов КазНУ.
Среди нас студенты филиала КазНУ в городе Бишкек, открытого в 2022 году при участии Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Кемелевича Токаева и Президента Кыргызской Республики Садыра Жапарова.
А также впервые к нам присоединились студенты филиала КазНУ в Омском государственном университете имени Ф.М. Достоевского, открытого в 2024 году при участии президентов двух государств.
С нами также студенты филиала Российского национального исследовательского ядерного университета МИФИ, открытого на базе КазНУ в 2022 году.
Мы также рады приветствовать студентов филиала Северо-Западного политехнического университета Китая, открытого в 2023 году.
Добро пожаловать!
Құрметті оқытушы-профессорлар,
1 курс студенттері!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында:
«Хакім Абай «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп айтқан.
Мәдениет пен әдеп, тәрбие мен тәлім әрбір азаматтың, әрбір отбасының өзінен басталуы қажет.
Ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерін көркейтуді ойлаған жастарға біз әрдайым жан-жақты қолдау көрсете береміз» – деп атап өтті.
Университет тәрбиелі, білімге ұмтылған, ғылымды игерген жастарға қолдау көрсетуге әрқашан дайын.
ҚазҰУ түлектері арасынан:
1 – вице-президент,
3 – премьер-министр
7 – Парламент палатасының төрағасы
7 – Мемлекеттік хатшы, (1 Мемлекеттік кеңесші)
5 – Президент Әкімшілігінің жетекшісі
6 – Жоғарғы сот төрағасы
8 – бас прокурор
57 – министр
14 – облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдері
4 – Жазушылар одағы басқармасының төрағасы
24 – бас редактор.
Оның ішінде 12 – «Егемен Қазақстан» газетінің,
9 – «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы
41 – төтенше және өкілетті елші
64 – жоғары оқу орнының ректоры
80 – академик,
130 – Мемлекеттік сыйлықтың иегері шықты.
Қазіргі таңда жауапты қызмет атқарып жүрген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев,
Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов,
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин,
Қазақстан Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі Мұрат Нұртілеу,
Президент кеңесшілері Бауыржан Омаров, Мәлік Отарбаев,
Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Бибігүл Жексенбай, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан
және басқа тұлғалар осы қара шаңырақтан түлеп ұшты.
90 жылдан астам тарихы бар оқу орнымыз әлемдік үздік 200 университет қатарына енген.
ҚазҰУ QS әлемдік рейтингінде 166-ші орында, Азияда 29, Орта Азия университеттері арасында бірінші орында.
Университетте 30 мыңнан аса (30 013) студент оқиды.
Олардың қатарында әлемнің 56 елінен келген 7 мыңға жуық шетелдік білім алушы бар.
Биылғы жаңа оқу жылына университетімізге барлық деңгейлер мен құрылымдық бөлімшелер бойынша 11 530 адам оқуға қабылданды.
Соның ішінде 1 курсқа 6 625 студент түсті.
Бұған қосымша 1000-нан астам магистрант, 514 докторант ҚазҰУ-ға оқуға түсті.
Ал 2500-ден астам шетелдік студенттермен толықты.
ҚазҰУ – студенттер үшін 120 мамандық бойынша Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия, Ресей университеттерімен қос диплом бағдарламасын жүзеге асырады.
Біз халықаралық байланыстарды, университеттік ғылымды, заманауи инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән береміз.
Биылғы жаңа оқу жылында, қыркүйек айының басында екі бірдей жаңа зертхана ашылды.
1.Біріншісі – Қытаймен бірлескен «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институты мен робот техникасы орталығы.
2.Екіншісі – BASF компаниясының тау-кен-металлургиялық саласын дамыту зертханасы.
3. Осы ретте баршаңыздан сүйінші сұрағым келіп тұр.
Орталық Азиядағы ең қуатты Суперкомпьютер ҚазҰУ-да өз жұмысын бастады.
Бүгінгі таңда орталық мамандары функционалды кластерлерді іске қосу бойынша (виртуализация жасау, GPU және CPU кластерлерге бөлу) жұмыстар жүргізуде.
Суперкомпьютер орталығы 4 бағытта серіктестік аясын кеңейтті.
Атап айтқанда, мемлекеттік мекемелер, ЖОО, Алматы қаласының әкімдігі, AI-Sana бағдарламасы.
Осы орайда, Экология және табиғи ресурстар министрлігі ерекше қызығушылық танытып, суперкомпьютер мүмкіндіктерін пайдалануға кірісіп кеткенін атап өткім келеді.
Сондай-ақ «Қазгидромет» мекемесімен жедел және неғұрлым дәл болжамдар жасау мақсатында бірлескен жұмыстар басталды.
4. Тағы бір жаңалығымыз, жақын күндері Ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеумен айналысатын Дрон орталығын іске қосатын боламыз.
5.Бұған дейін Жаратылыстану, гуманитарлық және өзге де ғылыми бағыттарды қамтитын Ми институты құрылған болатын.
Қазіргі таңда осы институтқа арнайы аудиториялар бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Миға диагностика жүргізіп, зерттеу үшін МРТ құралдары орнатылуда.
6. Былтырғы жылы университеттің 90 жылдығына орай 30 дан астам зертхана бой көтерді.
«Farabi Hub» инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығын аралап көрдіңіздер деп ойлаймын.
Хаб ғимаратында университеттің ғылыми жобалары мен шетелдік компаниялардың орталықтары орналасқан.
7.Оның жанында Өндірістік робототехника және роботтандыру бойынша инженерлік компетенция орталығы жұмыс істеуде.
8.География және табиғатты пайдалану факультетінде «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығы ашылды.
9.Сонымен бірге «Қашықтықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасы іске қосылды.
10. Химия және химиялық технологиялар факультетінде Farabi chem science кластері, Химиялық гальваникалық қаптамалар ғылыми-өндірістік орталығы жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта ҚазҰУ ғалымдары жалпы құны 16,4 миллиард теңге болатын 381 ғылыми жобаны жүзеге асырып жатыр.
ҚазҰУ қазынасына 26,5 млн доллар инвестиция тартылды.
Уважаемые участники торжественного собрания!
В своем Послании в этом году Глава государства уделил особое внимание вопросам развития искусственного интеллекта и цифровых технологий.
Президент отметил, что «Подготовка специалистов, владеющих искусственным интеллектом и цифровыми технологиями, через обновление образовательных программ университетов – важное условие формирования фундамента будущей экономики и науки».
В соответствии с этой задачей мы определили развитие цифровизации и искусственного интеллекта как одно из наших стратегических направлений.
В университете открыт факультет информационных технологий и искусственного интеллекта.
Функционирует кафедра искусственного интеллекта и Big Data.
Кроме того, создан Научно-исследовательский институт искусственного интеллекта.
Начал работу Научно-исследовательский институт криптологии и кибербезопасности.
Помимо этого, осуществляется подготовка специалистов по образовательным программам:
«Наука о данных (Data Science)», «Искусственный интеллект», «Интеллектуальные системы управления», «Бизнес-аналитика и Big Data», «Искусственный интеллект в медицине».
Церемония посвящения в студенты, проходящая сегодня, также организована в новом формате с использованием технологий искусственного интеллекта.
Құрметті қонақтар, оқытушы-профессорлар,
білім алушы жастар!
Университет білім-ғылымға көңіл бөліп қана қоймай, оқытушылар мен студенттерге әлеуметтік қолдау жасауды да естен шығармайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен ҚазҰУ қалашығы құрылысының ІІ кезеңі бекітілді.
Қазіргі таңда жеті қабатты үш оқу корпусы мен үш жаңа жатақхананың құрылыс жұмыстары жүруде.
Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы мен спорт-сауықтыру кешені қайта жаңғыртылуда.
Осы жұмыстардың барлығы жүзеге асқаннан кейін ҚазҰУ қалашығы адам танымастай өзгереді деп жоспарлап отырмыз.
Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің студенттері ҚазҰУ-дың 50 жылдан кейінгі көрінісін дайындаған екен.
Бірге тамашалайық!
Құрметті бірінші курс студенттері!
Сіздер – еліміздің болашағысыздар.
Сіздердің армандарыңыз, ізденістеріңіз, батыл қадамдарыңыз – ертеңгі Қазақстанды қалыптастырады.
Университет – заманауи білім беру бағдарламаларын, ғылыми жобалар, стартап орталықтарын, мәдени және спорттық ұйымдар қызметін ұсынады.
Ең бастысы – осы мүмкіндікті тиімді пайдалану өз қолдарыңызда.
Ұлы ұстаз-ойшыл Әл-Фарабидің «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз» деген қағидасын естен шығармаңыздар.
Сіздердің тәрбиелі шәкірт болып, білікті маман, елін сүйетін тұлғалы азамат болып қалыптасатындарыңызға сенемін.
Құрметті білім алушы жастар!
Жаңа айтып өттім, университетте жасанды интеллект кеңінен қолданылуда.
Сіздерді Студент қатарына қабылдамас бұрын осы ЖИ арқылы білімдеріңізді сынап көрсек деген ой келіп тұр.
Қазір, бірінші курс студенттеріне Жасанды интеллект сұрақтар қоятын болады.
Егер дұрыс жауап берсеңіздер студенттер қатарына бірден қабылданасыздар.
Другие новости

