- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2025 жылғы 4 қазанда AI WEEK іс-шаралары аясында жасанды интеллект саласындағы инновациялық жобаларды қолдауға және дамытуға бағытталған «Студенттік AI STARTUP» байқауы өтті. Байқауға талантты студенттер мен жас мамандар қатысып, өздерінің ИИ саласындағы әзірлемелері мен идеяларын ұсынды.
2025 жылғы 4 қазанда AI WEEK іс-шаралары аясында жасанды интеллект саласындағы инновациялық жобаларды қолдауға және дамытуға бағытталған «Студенттік AI STARTUP» байқауы өтті. Байқауға талантты студенттер мен жас мамандар қатысып, өздерінің ИИ саласындағы әзірлемелері мен идеяларын ұсынды.

Қатысушыларға алғы сөзбен ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің деканы Т.С. Иманқұлов сөз сөйлеп, жастарды цифрлық трансформация процесіне тартудың маңыздылығын және болашақта жоғары технологиялық салалардың дамуына ықпал ететін жобаларды қолдаудың қажеттілігін атап өтті.
Конкурс нәтижесі бойынша орындар келесідей бөлінді:
I орын — Druba Rahim Ahmed, мамандығы 6B06103 «Компьютерлік инженерия», 3 курс
II орын — Айбагаров Серік Жұмағирейұлы, мамандығы 6B06107 «Деректер ғылымы», 4 курс
III орын — Әлиев Рашид Шәмілұлы, мамандығы 6B06102 «Ақпараттық жүйелер», 4 курс
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері өз стартаптарын университет пен AI WEEK серіктестерінің қолдауымен әрі қарай дамыту мүмкіндігіне ие болды, сондай-ақ ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенділік пен креативтілік танытқандары үшін алғыс білдіреді және жасанды интеллекттің болашағын қалыптастыратын перспективалы жобалармен танысуға шақырады.
Басқа жаңалықтар