Powerexpo Almaty 2025 және Kazatomexpo 2025 көрмелері
2025 жылдың 21–23 қазан аралығында Алматы қаласында, «Атакент» КҚДС аумағында энергетика саласының басты оқиғасы — 23-ші Қазақстандық халықаралық «Энергетика, Электртехника және Энергетикалық машина жасау» Powerexpo Almaty 2025 көрмесі өтті.
Биыл көрме 8-ші Қазақстандық халықаралық «Атомдық энергетика және өнеркәсіп» Kazatomexpo 2025 көрмесімен қатар ұйымдастырылды. Бұл шара энергетика мен өнеркәсіп саласының болашағын айқындайтын тәжірибе алмасу және инновациялық шешімдерді көрсетуге арналған бірегей алаң болды.
Көрме қонақтарына келесі бағыттар ұсынылды:
-
электротехникалық жабдықтар мен кабель-өткізгіш өнімдер;
-
есепке алу, бақылау және өлшеу аспаптары;
-
өндірістік автоматтандыру және диспетчерлендіру жүйелері;
-
энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу саласындағы шешімдер;
-
жасыл технологиялар және жаңартылатын энергия көздері;
-
өндірістік және көлік жарықтандыру жүйелері;
-
атомдық энергетика нысандарын жобалау және салу.
Көрмеге Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының доценттері Мұратов М.М. және Оразбаев С.А. қатысты.
Басқа жаңалықтар