ТДМ №17. Ғылыми-білім беру компьютерлік желілер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуFarabi University

ТДМ №17. Ғылыми-білім беру компьютерлік желілер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту

6 қазан, 2025

ҚазҰУ-дың Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы ТДМ № 17: Тұрақты даму үшін серіктестік және Архивтану және құжаттамалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасы аясында халықаралық байланыстарды нығайту жұмыстарын жүргізуде.

2025 жылдың 06 қазанында Мадрид қаласында Қазақстанның Ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығы «KazRENA» мен Испанияның ұлттық академиялық және зерттеу желісі RedIRIS арасында іскерлік ынтымақтастықты орнатуға бағытталған маңызды кездесу өтті.

  • Қатысушылар: «KazRENA» бас директоры, профессор, т.ғ.д. Жапаров Барыс Әлікенұлы (ҚазҰУ Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры) және Red.es мемлекеттік корпорациясының директоры Франциско Хавиер Гарсиа Виера мырза.

  • Нәтиже: Тараптар тығыз байланыс орнатуға және ғылыми-білім беру желілері саласындағы бірлескен жобаларға қатысуға мүдделілік танытты.

RedIRIS желісі туралы: RedIRIS – Еуропадағы ең ірі ғылыми-білім беру компьютерлік желілерінің (NREN) бірі. Ол 500-ден астам мекемеге қызмет көрсетеді, Испанияның Ғылым және инновациялар министрлігі қаржыландырады және елдің бірегей ғылыми-техникалық нысандарының (ICTS) картасына енгізілген.

 

#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU#SDG17 #PartnershipsForGoals