30 қазан 2025 жылы жұмыс жәрмеңкесі өтті.
                        30 қазан, 2025                    
                
                30 қазан 2025 жылы жұмыс жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға түрлі мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар қатысты. ГиМУ 4 курс студенттері белсенділік танытып, жұмыс берушілермен тікелей кездесу мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңкеде студенттерге тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ұсынылды. Кәсіби даму, мансаптық жоспарлау және резюме жазу бойынша кеңестер берілді. Қатысушылар еңбек нарығындағы өзекті сұраныстар туралы мол ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар студенттердің болашақ мамандығын таңдауда маңызды рөл атқарады. Жәрмеңке нәтижесінде көптеген студенттер жұмыс берушілермен байланыс орнатып, өз әлеуетін таныта алды.