ТДМ №7 – Қолжетімді әрі таза энергия
Физика-техникалық факультетінің электроника және астрофизика кафедрасының аға оқытушысы Қызғарина М.Т. жетекшілігімен «Өндірістік электроника және басқару жүйелері» мамандығында оқитын 357-топ студенттеріне «ТДМ 7. Қолжетімді әрі таза энергия» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара 2025 жылдың 29 қазан күні сағ 12:00-де 407 аудиторияда өтті. Студенттерге қайта жаңғыртылатын энергия көздерінің маңызы түсіндірілді. Энергияға қолжетімділік пен сапа — экономикалық өсімнің, өмір сапасының, әлеуметтік даму мен тұрақтылықтың негізі.Таза, заманауи энергия көздерінің қолданылуы парниктік газдардың шығарындыларын азайтуға және климат өзгерісімен күресуге мүмкіндік береді. Барлығына қолжетімді энергия қамтамасыз ету теңсіздікті азайтуға, табысы төмен топтар үшін де өмір сүру мүмкіндігін жақсартуға жол ашады. Ашық кураторлық сағат барысында студенттер өз ойларын ашық айтып, қайта жаңғыртылатын энергия көздері туралы деректер жинап, презентация жасап ұсынды. Сабақтың соңын әр студент таза, дәстүрлі емес энергия көздерінің қолданылу мүмкіндіктерін талқылап қорытындылады.
Басқа жаңалықтар