- Басты бет
- Жаңалықтар
- Parallel Computing Technologies (PaCT-2025) 18-ші халықаралық конференциясы басталды
Parallel Computing Technologies (PaCT-2025) 18-ші халықаралық конференциясы басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан, Ресей және өзге елдердің жетекші ғалымдары мен зерттеушілерін, академиялық қауымдастық өкілдерін біріктірген Parallel Computing Technologies (PaCT-2025) 18-ші халықаралық конференциясы ашылды.
PaCT конференциясы 1991 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіліп, параллель есептеу технологиялары мен суперкомпьютерлік есептеулер саласындағы зерттеушілердің тәжірибе алмасуына арналған тұрақты халықаралық алаң болып келеді.
Пленарлық отырыстан кейін конференция өз жұмысын секциялық мәжілістер форматында жалғастырды. Сессия барысында қатысушылар суперкомпьютерлік инфрақұрылымды дамыту мен жоспарлау, есептеулер мен деректерді есептеу кешендерінің ресурстары арасында оңтайлы бөлу, параллель жүйелерге арналған бағдарламалық қамтылымды автоматтандыру әдістері, сондай-ақ жоғары өнімді есептеулердің өзекті мәселелеріне қатысты баяндамалар жасады.
Басқа жаңалықтар