Farabi UniCalm: «Стресске қарсы университет» жобасы аясындағы кездесуFarabi University

Farabi UniCalm: «Стресске қарсы университет» жобасы аясындағы кездесу

10 қараша, 2025

«Farabi UniCalm: Стресске қарсы университет» жобасы аясында студенттермен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің психологиялық денсаулығын нығайту, стресс деңгейін төмендету және оқу процесінде эмоционалдық қолдау көрсету болды.

Кездесу барысында қатысушылар стрессті тану мен оның алдын алу тәсілдері туралы ақпарат алып, интерактивті ойындарға қатысып, жағымды атмосферада уақыт өткізді 😊. Сондай-ақ, психологиялық қолдау көрсету мен стресс басқару дағдыларын дамытуға арналған тақырыптар қамтылды.

Мұндай шаралар студенттердің өзара түсіністігін арттырып, университет ортасын жылы әрі қолайлы етеді 💙.
Іс-шараны «Электроэнергетика» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Холмирзаев Абдулла өткізді.