- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Нейроғылымның практикалық міндеттерін шешудегі жасанды интеллектінің мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел
«Нейроғылымның практикалық міндеттерін шешудегі жасанды интеллектінің мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2025 жылғы 1 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде «Нейроғылымның практикалық міндеттерін шешудегі жасанды интеллектінің мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы ұйымдастырды. Оған «Нейроғылым» білім беру бағдарламасының студенттері, магистранттары мен докторанттары белсенді қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы — биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ми институтының директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Альмира Мэлсқызы Құстұбаева. Ол қазіргі нейробиологиялық зерттеулерде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Баяндамалармен келесі қатысушылар сөз сөйледі: биология ғылымдарының кандидаты, Ресей Федерациясы Новосібір қаласындағы «Негізгі және трансляциялық медицина федералдық ғылыми-зерттеу орталығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің биобасқару компьютерлік жүйелері зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Михаил Евгеньевич Мельников; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ми институтының директоры, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі, профессор Альмира Мэлсовна Кустубаева; сондай-ақ биосигналдарды компьютерлік өңдеуге маманданған Қазақстан-Британ техникалық университетінің PhD докторанты Руслан Жұлдызбаев.
М. Е. Мельников жасанды интеллектіні нейрофизиологиялық деректерді талдау мен когнитивтік үдерістерді модельдеуде қолданудың қазіргі бағыттарына шолу жасады. Профессор А. М. Құстұбаева мидың қалыпты дамуы мен қартаюын зерттеу барысында ЭЭГ және функционалды нейровизуализация деректерін өңдеуде машиналық оқыту алгоритмдерін қолданудың практикалық мысалдарын ұсынды. Р. Жұлдызбаев терең машиналық оқыту алгоритмдері арқылы мидың биосигналдарын өңдеудің перспективті тәсілін таныстырды.
Талқылау барысында қатысушылар ИИ құралдарын білім беру мен ғылыми жобаларға енгізу перспективалары туралы пікір алмасты, нейрондық деректерді интерпретациялау мәселелерін және автоматтандырылған талдаудың этикалық қырларын талқылады.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар жасанды интеллектіні нейроғылымға интеграциялау пәнаралық зерттеулерге жаңа көкжиектер ашып, биология және биотехнология факультетінің базасында инновациялық білім беру бағдарламаларының дамуына серпін беретінін атап өтті.
Гаухар Датхабаева, биология ғылымдарының кандидаты,биология және биотехнология факультетінің ғылым, инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары.
Басқа жаңалықтар