ТДМ17: Халықаралық серіктестік және тұрақты даму: Дүниежүзілік банк баяндамасы негізінде қонақ дәрісFarabi University

ТДМ17: Халықаралық серіктестік және тұрақты даму: Дүниежүзілік банк баяндамасы негізінде қонақ дәріс

12 қараша, 2025

2025 жылғы 12 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде тұрақты даму контексіндегі жұмыспен қамту және әл-ауқат мәселелеріне арналған «Еуропа мен Орталық Азия экономикасы туралы баяндама: жұмыспен қамту және әл-ауқат» тақырыбында қонақ дәріс өтті.

 

Іс-шара «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен және Дүниежүзілік банктің қолдауымен, AP23489032 ғылыми жобасы аясында, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының ТДМ 17-мақсаты – «Серіктестік арқылы орнықты даму» қағидаттарына сәйкес өткізілді.

 

Қонақ дәрістің спикері ретінде Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша бас экономист басқармасының аға экономисі Иван Торре сөз сөйледі. Ол “Europe and Central Asia Economic Update: Jobs and Prosperity (Fall 2025)” атты Дүниежүзілік банктің экономикалық есебінің негізгі қорытындыларын ұсынып, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістеріне ерекше назар аударды.

 

Спикердің айтуынша, Қазақстанда соңғы жылдары тұрақты экономикалық өсім мен жұмыспен қамтудың артуы байқалады. Алайда ұзақ мерзімді әрі инклюзивті даму үшін еңбек өнімділігін арттыру, адами капиталға инвестиция көлемін ұлғайту, сондай-ақ білім мен дағдылар сапасын жетілдіру маңызды болып табылады. Бұл бағыттар орнықты дамудың негізгі шарттары ретінде қарастырылды.

 

Қонақ дәріс ашық диалог форматында өтіп, магистранттар, докторанттар және профессор-оқытушылар құрамы тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара ғылыми қауымдастық пен халықаралық ұйымдар арасындағы серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы жөнінде мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік берді.