ҚазҰУ Баспасөз қызметі хабарлайдыFarabi University

ҚазҰУ Баспасөз қызметі хабарлайды

13 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайын қайта жаңғыртуға қатысты келесіні хабарлайды:

Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы пайдалануға берілгеннен бері 30 жыл бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Соның салдарынан ғимарат тозып, техникалық жағдайы айтарлықтай нашарлаған.

2023 жылы аккредиттелген ұйым ғимараттың техникалық жағдайын тексеріп, тіреуіш және қоршау конструкцияларынан бірқатар ақаулар анықтады: жекелеген темірбетон арқалықтар мен қабырғалардың болмауы, тіреуіш колонналардың тот басуы және қисаюы, түйісу бөліктерінің бұзылуы, жылу оқшаулау қабаты мен шатыр жабындысының зақымдануы. Ақаулардың басым бөлігі әрлеу қабаттарының астында жасырылған.

Қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес, ғимараттарға күрделі жөндеу әр 20-25 жыл сайын жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар 2024 жылғы қаңтар айында Алматыда болған жер сілкіністері ғимаратқа елеулі зақым келтірді.

Анықталған ақаулар мен сейсмикалық қауіптерді ескеріп, университет ғимараттың сәулеттік келбетін сақтай отырып, оның конструкциялық беріктігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нысанды қайта жаңғырту туралы шешім қабылдады.

Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕР САРАЙЫНЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДАН КЕЙІНГІ ДИЗАЙН ЖОБАСЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі