«Samruk Green Energy» компаниясындағы тағылымдамаFarabi University

«Samruk Green Energy» компаниясындағы тағылымдама

12 қараша, 2025

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары кәсіби біліктілігін арттыру және ғылыми-инженерлік құзыреттіліктерін кеңейту мақсатында «Samruk-Green Energy» ЖШС күн электр станциясында тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама барысында қатысушылар фотоэлектрлік модульдердің жұмыс принциптерімен, күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру схемаларымен және зияткерлік басқару жүйелерінің ерекшеліктерімен танысты. Энергиялық тиімділік, тұрақты даму және жаңартылатын энергия көздерін энергетикалық жүйелерге біріктіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Алынған білімдер білім беру процесінде және ғылыми-зерттеу жобаларында қолданылатын болады. Бұл тағылымдама академиялық ұтқырлықты дамыту мен экологиялық бағдарланған инженерлік дайындықтың маңызды кезеңіне айналды.

🔹 Тұрақты даму мақсаттарымен байланысы:
ТДМ 4 – Сапалы білім беру
ТДМ 7 – Арзан және таза энергия
ТДМ 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым
ТДМ 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы күрес

Бекетаева М.Т.