- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Болашақтағы сапа мен стандарттау: тұрақты даму, цифрлық трансформация, өмір сапасы» семинары
«Болашақтағы сапа мен стандарттау: тұрақты даму, цифрлық трансформация, өмір сапасы» семинары
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары бүкіләлемдік сапа күніне арналған «Болашақтағы сапа мен стандарттау: тұрақты даму, цифрлық трансформация, өмір сапасы» атты РМҚК «КазСтандарт» ұйымдастырған оқыту семинарына қатысты.
Семинар барысында қатысушылар қазіргі заманғы технологиялық өзгерістер жағдайында сапаны қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін талқылады. Халықаралық стандарттардың, цифрлық инновациялар мен тұрақты даму қағидаттарының өмір сапасына әсеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара кәсіби көзқарасты кеңейтіп, жоғары білім мен ғылым саласында сапа мәдениетін нығайтуға мүмкіндік берді.
🔹 Тұрақты даму мақсаттарымен байланысы:
ТДМ 4 – Сапалы білім беру
ТДМ 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым
ТДМ 12 – Жауапты тұтыну мен өндіріс
ТДМ 17 – Мақсаттарға қол жеткізу үшін әріптестік
Бекетаева М.Т.
Басқа жаңалықтар