Тұрақты дамудың әлемдік аспектілері

25 наурыз, 2016

Тұрақты дамудың әлемдік аспектілері

Президент және халық: 25.03.2016

Бүгінгі күні адамзат баласын сонау өткен ғасырдан бері ойландырып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі экономиканың тұрақты және ұзақ мерзімді даму жолдарын іздестіріп оны енгізу болып табылады. Осы негізде экологиялық және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамсыз ету мәселелері бүгінгі күні ғаламдық және дүние жүзі проблемаларының біріне айналып отыр. Негізінде тұрақты даму ұғымы ол елімздегі табиғи қорларды, олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Осыған орай, дүние жүзіндегі экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы елдердің осы бағытты дамыту мақсатында іс-әрекеттер жасалынып, мемлекеттік деңгейде көпеген бағдарламалар мен заңдар қабылданып, нәтижесінде салаларды тез арада дамытуға қол жеткізіп отыр.

Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне қоршаған ортаның сапасын тұрақты қамтамасыз ету жатады. Сонымен қатар, еліміздің табиғи ресурстарын пайдалану барысында және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қорғауда басқарудың тиімді жүйесін құру, табиғи қорларды тиімді пайдалануды жатқызамыз. Осы аталған міндеттерді орындау нәтижесінде экономикамыздың тұрақты және ұзақ мерзімді дамуына қол жеткіземіз. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарына қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі, экологияға қауіпсіз техника мен технологияларды пайдалану жатады. Жер бетіндегі тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді. Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығын жоюдан бастау керек. Қазіргі кезде экология ерекше маңызға ие. Жер бетінде халық санының өсуі, көптеген елдердің индустриялды дамуы, табиғат ресурстарын пайдалнуды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерін өсіре түсуде. Кейбір елдерде қоршаған ортаның жағдайының нашарлауы соншалық, адамдар денсаулығына кері әсер ете бастады. Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл аударуға, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын үнемді пайдалануға итермелейді. Мәселен экономикасы дамыған Германия мемлекеті күн энергиясын пайдаланудан бүгінгі күні алдыңғы қатарда келеді, яғни аталған мемлекет болашақта тұрақты дамуға көшеді, оның себебі қымбат отын көздерінен бас тартып отыр.

Адамзат табиғатқа тек оның жағдайын нашарлату арқылы ғана әсер етпеу керек, шамалы табысқа бола, оларды жыртқыштықпен жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды. Осыған байланысты алдыңғы кезекте, табиғатты пайдалану, экологиялық сараптау мен жобалауды кең қолдану, сондай-ақ табиғатты пайдаланудың обьективтік-экономикалық механизмін жасау проблемалары туындайды. Осылар қалыптасқан экологиялық жағдай адамдарды қиындықтар мен дағдарыс туралы сөз қылуды қойып, өздерінің ұлғайған тәбеттерін тежей отырып және табиғат ананың мүмкіндіктерімен есептесе отырып нақты істерге көшуге итермелеуі тиіс.Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық даму кезеңдерінде орын алып отырды.Өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа кері әсерінің нәтижелері, ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамуды тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. БҰҰ комиссиясы ұсынған баяндамаларында орнықты дамуға байланысты анықтамаға келесі түсіндірме берілген болатын: «Тұрақты және ұзақ мерзімді даму өзгеріссіз үйлесімдік жағадай емес, керісінше өзгерістер үрдісі, онда ресурстартды пайдалану, капитал салымдарын бағыттау, техникалық дамуды бағдарлау және институционалды өзгерістер ағымдағы және болшақтағы қажеттіктермен үйлеседі». Бүгінгі күні елімізде тұрақты даму бағыты бойынша бірқатар іс-шаралар атқарлып келеді. Елімізде 2030 жылға дейін даму стратегиясы қабылданды. Онда Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің концепциясы негізінде тұрақты даму бойынша кеңес құрылып, 2017-2024 жылға дейін тұрақты дамуға көшуге байланысты Концепция қабылданыды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясы: Еліміздің табиғи байлығына байланысты қарым-қатынасымызды қайта ойластыру маңыздылығы жөнінде және Қазақстан таза әрі жасыл энергия көздерінің жаңа тәсілдеріне негізделуі, сондай-ақ қолданып отырған табиғи ресурстарды дұрыс басқарып,барынша тиімді пайдалану, сонымен қатар біздің елімізде 2017 жылы өтетін ЭКСПО- 2017дүниежүзілік көрмесіне дайындық туралы және болашақта дүниежүзілік үздік тәжірибелердің ізденістерінің нәтижесінде баламалы энергия көздерін пайдалана отырып, жасыл экономика құру туралы атап өткен болатын. Тұрақты дамудың басты бағыттарына тұтынушылармен өндіріс орындарының тұрақты моделін енгізу, жаңа және экологиялық таза, қауіпсіз, тиімді және энергоүнемді техника мен технологияларды пайдалану, тұрақты дамуда аймақтық мәселелері, тұрғылықты халықтың қоғамдық қауіпсіздігінің деңгейін жоғарлату, одан әрі білім мен ғылымның тұрақты дамуын дұрыс жолға қою, тарихи және мәдени мұраларды сақтау, экологиялық апаттардың адамның денсаулығына әсерін азайту, сапалы таза суға қол жеткізу, радиациялық және биохимиялық қауіпсіздікпен сыртқа шығатын қалдықтарды басқару болып табылады. Осыған орай, бүгінгі күні осы бағытта еліміздің әл-Фараби атындағы Казақ Ұлттық университетінің қосып жатқан үлесі мен атқарып жатқан жұмысы жөнінде айтып кететін болсақ, айтарлықтай көп. География және табиғатты пайдалану факультетіне қарасты «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының атқарып жатқан еңбегі мен жетістігі өте зор. Кафедрада профессорлармен оқытушылардың құрамын құрайтын оқыту мен ғылыми біліктілігі жағынан тәжірибесі жоғары мамандар жұмыс жасап жатыр. Кафедраның атқарып жатқан ғылыми жұмыстары XI ғасырдың тұрақты дамуында энергиялық экологияның глобалды стратегиясының тәжірибелік шешімін табуға және оны одан әрі жүзеге асыруға бағытталған. Үмбетбеков Асхат Талғатұлы, Жуманова Г.С.