Бухгалтерлер күніне арналған қонақ дәрісі
2025 жылғы 5 қарашада 228-аудиторияда «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімі 3-курс студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті. Іс-шара бухгалтерлік есеп пен аудит саласы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды.
Дәрісті «ПромЭкспортРазвитие» ЖШС-нің бас бухгалтері Амангалиева Алина Серікқызы жүргізді.
Тақырыбы: «Бизнес-процестердің жаһандық цифрлануы жағдайында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері».
Іс-шараның мақсаты — студенттердің кәсіби бағдарын кеңейту, тәжірибелік білімдерін дамыту және бухгалтерлік есеп саласындағы тәжірибелі мамандармен байланыс орнату.
Дәріс барысында есеп процесін цифрландыру, қаржылық есептілікке заманауи технологияларды енгізу және басқарушылық есептің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұл кездесу сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға үлес қосты: ТДМ 4 — Сапалы білім беру, ТДМ 8 — Лайықты еңбек және экономикалық өсу.
Іс-шараның ұйымдастырушысы — э.ғ.д., «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті Баймуханова С.Б.
Басқа жаңалықтар