«Әл-Фараби 2025» Халықаралық олимпиадасы
«Әл-Фараби 2025» Халықаралық олимпиадасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан, ТМД елдерінің, сондай-ақ таяу және алыс шетел білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы «Әл-Фараби 2025» халықаралық олимпиадасын өткізеді.
Бұл шара Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен жүзеге асырылады.
Олимпиада жеңімпаздары ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Мұндай дипломдарға ие болған жеңімпаздар білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес басым құқықтарға ие. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқуға жеңілдік қарастырылған. ТМД елдерінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келген білім беру ұйымдарының түлектеріне университетке түсу емтихандарынсыз жеңілдікпен оқуға құқық беріледі.
Олимпиада үш кезеңнен тұрады: I-ші және II-ші кезеңдер – іріктеу, онлайн түрде https://farabi.university сайтында http://online-test.kaznu.kz сілтемесі арқылы өтеді.
Олимпиадаға қатысты толық ақпарат әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ресми сайтында жарияланады https://farabi.university.
Олимпиада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі пәндер бойынша өткізіледі: ағылшын тілі, биология, дүниежүзі тарихы, география, информатика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, математика, орыс тілі және әдебиеті, неміс тілі, физика, француз тілі, химия, құқық негіздері.
Олимпиадаға тіркелу 24 ақпан мен 07 наурыз аралығында http://online-test.kaznu.kz сілтемесінде (абитуриент ретінде) онлайн түрде жүргізілетінін мәлімдейміз.
Қазақстандық оқушылар үшін I-кезең 11-12 наурызда (сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Астана уақыты бойынша, өңірлер бойынша өту сілтемесі http://online-test.kaznu.kz, II-кезең 18-19 наурызда (сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Астана уақыты бойынша, өңірлер бойынша өту сілтемесі http://online-test.kaznu.kz, онлайн режимде прокторингті қолданумен өткізіледі.
ТМД елдерінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден қатысатын білім беру ұйымдарының түлектері үшін I-кезең 12 наурызда (сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Астана уақыты бойынша, http://online-test.kaznu.kz ), II-кезең 19 наурызда (сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Астана уақыты бойынша, http://online-test.kaznu.kz) онлайн режимде прокторингті қолданумен өткізіледі.
Екінші және үшінші кезеңге 23 және одан жоғары балл алған қатысушылар өтеді.
Қазақстандық оқушылар үшін III-кезең наурыз айының 27-28 күндері офлайн форматта университет базасында өтеді. Олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 3-кезеңінің тапсырмалары теориялық және практикалық есептер түрінде және тест сұрақтарына жауап беруден болса, ал жалпы гуманитарлық бағытта эссе, жағдаяттық мәселелер шешімін шығару және тест сұрақтарына жауап беруден тұрады.
ТМД елдерінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден қатысатын білім беру ұйымдарының түлектері сондай-ақ «Әл-Фараби 2025» Халықаралық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу ережесінің 10-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес онлайн форматта қатысуға рұқсат алған оқушылар үшін III-кезең наурыз айының 28-і күні (Астана уақытымен сағат 10:00-12:00 аралығында) Zoom https://us05web.zoom.us/j/2603356827?pwd=ZHBpYU10RlBwZTl5SzlTazFIWVJQZz09
(Идентификатор: 260 335 6827. Код: wFDq72) арқылы онлайн түрде өтеді.
Назар аударыңыздар! I кезең мен II кезең іріктеу кезеңдері болғандықтан, қатысушыларға сертификаттар берілмейді.
Байланыс телефоны:
тел.: +7 (727) 377-33-30; 377-33-33; ішкі нөмір 17-29, 17-31, 17-34
e-mail: olympiad.farabi2025@gmail.com
«Әл-Фараби 2025» халықаралық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу ережесі