Білім беру бағдарламасы
Клиникалық психология саласында клиникалық-диагностикалық, консультативтік, психокоррекциялық, емдеу-профилактикалық, оңалту, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті психолог мамандарды даярлау
1. Денсаулық сақтау саласындағы психологтың кәсіби іс-әрекетін жүзеге асыруда отандық және шетелдік классикалық және заманауи теориялық-әдіснамалық, қолданбалы, салалық бағыттарды терең, сыни тұрғыдан түсіну және жетілген концептуалды білім деңгейін көрсету.
2. Ақпаратты теориялық және эмпирикалық талдауға негізделген клиникалық психология саласындағы үздік әлемдік тәжірибені өз жұмысына кіріктіру.
3. Нейропсихологияның, патопсихологияның және психосоматиканың әдіснамасы мен әдістерін, этикалық нормалар мен принциптерді сақтау негізінде әртүрлі мәселелерді шешуге бағытталған түрлі психотерапевтік мектептердің және бағыттардың клиникалық-психологиялық интервенцияларын қолдану.
4. Проблеманың жай-күйін зерттеу, деректер жинау, сапалық және статистикалық талдау және қорытындыларды тұжырымдау кезеңдерінде теориялық және эмпирикалық әдістерді қолдана отырып, клиникалық психология саласында психологиялық зерттеулердің жобасын және бағдарламасын құрастыру.
5. Клиенттің/пациенттің нозологиялық, әлеуметтік-демографиялық, этномәдени, индивидуалды-психологиялық және басқа да ерекшеліктерінің кешенін ескере отырып психологиялық диагностика және бағалау жүргізу.
6. Клиенттерді/пациенттерді емдеу, оңалту және дамыту мақсаттарына байланысты жеке және топтық форматта психологиялық кеңес беру және психологиялық түзетулер көрсету; олардың нәтижелерін талдау.
7. Денсаулық сақтау саласының өзекті міндеттерін ескере отырып, халыққа психологиялық ағарту және алдын алу бағдарламаларын әзірлеу.
8. Психологиялық сараптама жасаудың әр түрлерін жүргізу кезінде клиникалық психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамаларын жүйелі түрде қолдану және бағалау.
9. Денсаулық сақтау ұйымдарындағы психологтардың кәсіби әрекеті мен психологиялық қызметтердің ұйымдастырушылық мәселелерін өз бетінше және командада шешу.
10.Оқушыларды оқытуда, әдістемелік және тәрбиелік жұмыста оңтайлы стратегиялар мазмұнын жүзеге асыру және талдау, олардың табысты әлеуметтенуіне ықпал ету.
11. Кәсіби және ғылыми қызметті, кәсіби психологиялық жұмысты қолдау үшін әртүрлі кәсіптік құжаттамаларды әзірлеу
12. Нормативтік-құқықтық базаны, тілдерді, өзара әрекеттестіктің, басқарудың, толеранттылық пен қолдаудың философиялық және психологиялық принциптерін білуге негізделген кәсіби ұжымдар ішінде тиімді кәсіби коммуникацияны құру; кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметіндегі мәселелер мен шешімдерді қысқаша және анық көрсету
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
"7М03117 - Клиникалық психология" білім беру бағдарламасының түлектері (магистрлер) денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік және жекеменшік емдеу-алдын алу мекемелерінде, психологиялық көмек беру қызметтерінде, оңалту, коррекциялық-білім беру және диагностикалық орталықтарда, әлеуметтік қорғау қызметтерінде, дағдарыс орталықтарында және халыққа психологиялық қызмет көрсетумен айналысатын басқа да ұйымдарда психолог маман болып жұмыс істей алады. Олар ғылыми-зерттеу және сараптамалық іс-әрекетті жүзеге асырып, сондай-ақ жоғары және арнаулы орта оқу орындарында психология пәні бойынша сабақ бере алады.
Байланыс
Координатор
психология ғылымдарының кандидаты, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті
Кудайбергенова Сандугаш Кансаровна
Sandugash.Kudaibergenova@kaznu.kz
әлеуметтік желі: https://www.instagram.com/p/ClGwuqkNRyB/?igshid=MDM4ZDc5MmU=
Тел: +7 701 1463881 Аязбаева Бейбит Бултековна