7M03110 Саясаттану
Цель: Халықаралық академиялық стандарттарға, саяси ғылымның және аралас ғылыми салалардың жаңа жетістіктеріне сәйкес жоғары оқу орындарында жария саясат, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету
Предметы на ЕНТ:
Білім беру бағдарламасы
Халықаралық академиялық стандарттарға, саяси ғылымның және аралас ғылыми салалардың жаңа жетістіктеріне сәйкес жоғары оқу орындарында жария саясат, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету
1. өзінің ғылыми зерттеулері және болашақ оқытушы ретіндегі білім беру қызметін жобалау барысында заманауи саяси ғылым мен оның сабақтас салаларының ғылыми жетістіктерін айқындайтын теориялар мен концепциялар, тәсілдер мен үрдістер туралы терең білімін көрсету;
2. уақыт талабына сай жаңа білімді құру және түсіндіру үшін саяси ғылымда бар білім мен ғылыми зерттеу әдістерін қолдану аясын табу;
3. шет тілінде психологиялық теориялар мен коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, көпмәдениетті қоғамда бейбітшілікті сақтау контекстінде стандартты және стандартты емес кәсіби міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жүйелі түсінікті иелену;
4. өзінің ғылыми зерттеулерінде ішкі саясат пен халықаралық қатынастар фактілері бойынша қолданылатын зерттеу дизайнының әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, саяси талдаудың әдістерін, тәсілдерін және техникаларын меңгеру;
5. әлемдік саясаттағы халықаралық жағдайлардың дамуы мен түрленуін қолданбалы талдау әдістерін пайдалана отырып, АҚШ пен ЕО, Шығыс елдері, посткеңестік мемлекеттер мен Орталық Азияның геосаяси аймағының стратегиялық бағыттарын, олардың интеграциялық байланыстарын талдау;
6. басқару процестері шеңберіндегі, олардың мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық-саяси ұйымдардағы психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мәселелерді өз бетінше жоспарлау және шешу;
7. жаңа және бейтаныс мән-мәтіндерде саяси мәселелердің ғылыми негізделген технологиялық шешімін табу;
8. жанжалды шешудің түрлі стратегияларын қолдана отырып, мәдениетаралық және кәсіби қызметте шет тілін біле отырып саяси процестерді саяси сараптау, диагностика және болжауды жүзеге асыру;
9. саяси шешімдер қабылдау және жүзеге асыру үшін, сонымен қатар өз педагогикалық қызметінде қоғам өміріндегі өзекті оқиғаларды және олардың жаңа көзқарастарын анықтау;
10. шет тіліндегі ақпараттық ресурстар мен технологияларды ескере отырып, Қазақстанның көпжақты ішкі және сыртқы саяси қызметі үшін стратегиялық және тактикалық сипаттағы саяси-құқықтық құжаттарды әзірлеу;
11. саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бизнес-құрылымдар, БАҚ және басқа да саяси процестің акторларына кеңес беру қызметтерін көрсету және талдамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
12. Қазақстанның ұлттық мұралары мен мәдени құндылықтарына бейінділігін көрсете отырып, әлеуметтік-саяси пәндерді оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде жоғары мектепте білім беру қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз ету.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл)-5 ECTS
- Мемлекеттік саясат-5 ECTS
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет-5 ECTS
- Саяси маркетинг-5 ECTS
- Әлемдік саясаттағы Шығыс-5 ECTS
- Әлемдік саясаттағы АҚШ және Еуропалық Одақ (ағыл)-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Өркениет тарихындағы соғыс пен бейбітшілік-5 ECTS
- Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар мен жаһандық даму-5 ECTS
- Адам құқығы: әлемдік тәжірибе және Қазақстан-5 ECTS
- Әлемдік саясаттағы Орталық Азия (ағыл)-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Мемлекеттік басқару-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Саяси зерттеу дизайны-5 ECTS
- Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуын стратегиялық жоспарлау-5 ECTS
- Қазақстан Республикасындағы аймақтық және муниципалды басқару-5 ECTS
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы-5 ECTS
- Сыртқы саясат және дипломатия: шетелдік тәжірибе және Қазақстан (ағыл)-5 ECTS
- Қазақстан Республикасындағы мемлекет және конфессияаралық қатынастар-5 ECTS
- Қазіргі әлемдегі этносаралық қатынастар-5 ECTS
- Халықаралық конфликт және оларды реттеудің тәжірибесі-5 ECTS
- Қазіргі әлемдегі интеграциялық үрдістер-5 ECTS
- Саяси легитимация: тәжірибесі және тарихи формалары-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
Жұмысқа орналастыру
«7М03110- Саясаттану» білім беру бағдарламасы халықаралық академиялық стандарттарға, саяси ғылымның және аралас ғылыми салалардың жаңа жетістіктеріне сәйкес жоғары оқу орындарында жария саясат, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистранттардың кәсіби қызмет саласы: - аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік билік және басқару органдары (ҚР Президентінің Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, министрліктер, ведомстволар және олардың құрылымдары, мәслихаттар, әкімдіктер); - Саяси партиялар, Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар; -қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, маркетингтік және аналитикалық қызметтер мен қорлар; - аналитикалық және ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттары; - сайлау науқанын ұйымдастырумен, Саяси кеңес берумен және болжаумен айналысатын агенттіктер, ақпараттық және PR-агенттіктер, БАҚ; -жоғары, орта кәсіптік білім беру жүйесінің мекемелері. ББ түлегі саясат саласындағы инновациялық-басқару, талдау, үйлестіру, ғылыми-зерттеу, білім беру (педагогикалық), ақпараттық-талдау, сараптамалық-кеңес беру, жобалық қызметке дайындалады. Осы ББ түлегі келесі қызметтерді атқара алады: - ішкі және сыртқы саясат және халықаралық қатынастар жөніндегі маман; - саяси маркетолог; - саяси журналист; - саяси талдаушы; - сарапшы; - имиджмейкер; - саяси технолог; - қоғаммен байланыс жөніндегі маман; - саяси кеңесші; - саяси менеджер; - жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы.
Байланыс
Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы 8 (727) 3773333 (вн.1756) e-mail: politology.kaznu@mail.ru
БББ бойынша құжаттар