Білім беру бағдарламасы
Қақтығыстарды шешудің тиімді әдiстерi мен технологияларын қолдана отырып қазiргi заманғы отандық және әлемдiк дiни процестердi зерделеу арқылы дiни қақтығыстар саласындағы проблемаларды шешуге қабілетті мамандар даярлау.
1. Қақтығыстардың сипатын, оның туындау себептерін және олардың әртүрлі әлеуметтік институттардағы ерекшеліктерін ғылыми негіздеу;
2. Этностық саясаттың жалпы заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін логикалық талдау негізінде этносаралық және конфессияаралық проблемалар мен жанжалдарды шешу жолдарын болжау;
3. Шет тілдеріндегі діни, философиялық, мәдени-саяси, әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерді талдау;
4. Дiни мәселелерде де, қоғамда да да диалогқа, толеранттылық пен ымыраға қол жеткiзу үшiн жағдайлар жасауға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыру;
5. Ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері мен стратегиялары және ғылымның даму заңдылықтары туралы негізгі мәселелер мен пікірталастарды жүйелеу;
6. Жанжал туралы түсініктердің эволюциясы, жанжалдың табиғаты, оның құрылымы, түрлері, себептік факторлары, динамика ерекшеліктері, әртүрлі салалардағы жанжалдардың ерекшеліктері, олармен жұмыс істеудің ықтимал тәсілдері, олардың берік шешілуін қамтамасыз ететін жағдайлар туралы білімді жіктеу;
7. Қоғамдағы жанжалдардың жай-күйін төмендетуге, қоғамның барлық салаларында тұрақтылық пен бейбітшілікті арттыруға бағытталған тиісті бағдарламалар дайындауға қатысу;
8. Этникалық және діни ұйымдардағы жанжалдар туралы өз тұжырымдамасын әзірлей отырып, жанжалдық әлеуетке қатысты сараптамалық рәсімдерді жүргізу;
9. Білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын дінтанулық пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
10. Зерттеудің қазіргі заманғы әдіснамалық қағидаттары мен әдістемелік тәсілдерін пайдалана отырып, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша оқу және әдістемелік әзірлемелер, ұсынымдар жасау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«7M02204-Конфликтологиядағы діни бірегейлік» білім беру бағдарламасының түлектері (магистрлер) Мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары
қызметін, Дін істері басқармаларында, мемлекеттік органдарда, қоғамдық қорларда, дінді зерттеу орталықтарында маман, сарапшы, кеңесші қызметтерін және ҒЗИ-да ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа орналасады, сондай-ақ түлектер докторантурада оқуын жалғастыра алады
Байланыс
Дүйсенбі Динара Темірбайқызы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы:
+7 708 804 7330