8D03203 Халықаралық журналистика
Цель: Халықаралық журналистика саласында бәсекеге қабілетті және даму әлеуеті бар, коммуникациялық және аралас салаларда шешімдер табуға, халықаралық медиа жобалар мен педагогикалық тәжірибені басқаруды жүзеге асыруға қабілетті философия докторларын (PhD) дайындау. Философия докторлары (PhD) ББ аяқталғаннан кейін Халықаралық медиа, халықаралық қорлар мен корпорацияларда, мемлекеттік қызметте құрылым басшылары, ҒЗИ зерттеушілері, жоғары оқу орындарында оқытушы болып жұмыс істей алады.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
Халықаралық журналистика саласында бәсекеге қабілетті және даму әлеуеті бар, коммуникациялық және аралас салаларда шешімдер табуға, халықаралық медиа жобалар мен педагогикалық тәжірибені басқаруды жүзеге асыруға қабілетті философия докторларын (PhD) дайындау. Философия докторлары (PhD) ББ аяқталғаннан кейін Халықаралық медиа, халықаралық қорлар мен корпорацияларда, мемлекеттік қызметте құрылым басшылары, ҒЗИ зерттеушілері, жоғары оқу орындарында оқытушы болып жұмыс істей алады.
Философия докторлары (PhD) ББ аяқталғаннан кейін мынандай нәтижелерге жетуі тиіс:
ON1 Медиалогия және коммуникативтік саласында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жоспарлау, сыни бағалау және болжау.
ON2 Медиаформалар мен медиа институттарға, практиктерге, динамикаларға, модельдерге, логикаға, процестерге және халықаралық қатынастар саласында медиада кездесетін коммуникациялық проблемаларға кешенді талдау жүргізу.
ON3 Медиасистеманың мүмкіндіктерін ескере отырып, әлеуметтік-саяси өзгерістер, халықаралық қақтығыстар, көші-қон легі жағдайында коммуникациялық мінез-құлық тактикасын саралау.
ON4 Медиажүйенің жаһандану және интернационалдану жағдайында әлемдік коммуникативистиканың қазіргі заманғы үрдістерін, бағыттары мен даму заңдылықтарын қолдану; БАҚ-тың түрлі өлшемдерінде қоғамдық, саяси, аудиовизуалды және ұйымдастырушылық белсенді зерттеулер мен мониторинг жүргізу.
ON5 Ұжымды басқаруда көшбасшылық танытуға, өз білімі мен іскерлігін әріптестеріне және бағыныштыларға беруге, тұрақты кәсіби өсуге ұмтылуға, білімге негізделген қоғамның дамуына жәрдемдесу.
ON6 Цифрлық БАҚ, әлеуметтік желілер, гаджеттер, жасанды интеллект элементтері, SMM және тағы да басқа заманауи өзгерістерді қолдана отырып, ақпараттық қауіпсіздік, медиаинституттар мен медиа-жобаларды инновациялық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
ON7 Зерттеу жүргізгенде алынған материалдардың мазмұны мен дұрыстығын бақылау, ғылыми этиканы және нәтижелердің негізділік принциптерін ұстану.
ON8 Кәсіби және ғылыми қызметте қазақ, орыс, ағылшын, қажет болған жағдайда басқа тілдерді еркін пайдалану.
ON9 Ғылыми ақпараттың үлкен ауқымымен жұмыс істеу, оның әртүрлі көздерімен өз бетінше шұғылдану, іргелі ғылымда еркін бағдарлану; диссертацияның негізгі бағыттары бойынша нәтижелерді алу және тексеру үшін зерттеу процесін құру, алынған деректерді халықаралық журналистика және медиалогия практикасына енгізу.
ON10 Зерттеулер мен эксперименттер барысында алынған нәтижелерді импакт-фактор жоғары халықаралық ғылыми журналдарда жариялау және халықаралық конференцияларға қатысу.
ON11 Ғылыми пікірталастарға қатысу, коммуникациялық саланың түрлі аспектілері бойынша өз көзқарасын білдіру және қорғау.
ON12 Жоғары білім беру ұйымдарында жаңа оқыту технологияларын, кәсіптік саладағы білімді меңгеру мен бақылау әдістерін пайдалана отырып зияткерлік сабақтар өткізу, білім беру бағдарламаларына жетекшілік жасау.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Халықаралық қақтығыстарды шешудегі коммуникациялық әдістері-5 ECTS
- Әлемдік медиа және саяси қақтығыстарды талдау-5 ECTS
- Жаһандық медиа дискурстағы халықаралық терроризм туралы саяси әңгімелері-5 ECTS
- Босқындар мен көші-қон туралы қоғамдық пікірді қалыптастырудағы БАҚ рөлі-5 ECTS
- Ұлттық-мемлекеттік басымдықтар контекстіндегі медиа стратегиялар-5 ECTS
- Медиамәдениет пен ұлтаралық топтардың зерттеулерінің өзара әрекеттестігі-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
- Әлемдік медиа контекстіндегі дағдарыс және жаһандық қауіп-қатерлер-5 ECTS
- Геосаясаттағы сыртқы саясат модельдері мен болжамдарының қалыптасуына медианың әсері-5 ECTS
- Халықаралық медиа коммуникациялардың цифрлық платформалары-5 ECTS
- Ақпараттық соғыс және цифрлық дипломатия-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Бітіру семинары-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
- Қортынды аттестация-12 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, педагогикалық (білім беру) ортасы, бұқаралық коммуникация жүйесіндегі ақпараттық талдамалы жұмыс, отандық және шетелдік мемлекеттік және жекеменшік БАҚ, ақпараттық және сараптамалық ақпарат орталықтары, сыртқы саяси ведомостволар және дипломатиялық департаменттердің баспасөз қызметтері, мемлекеттік мекемелер мен корпорациялардың ақпараттық-саяси бөлімдері. Білім беру бағдарламасы білім беру, бұқаралық коммуникация, ақпараттық орта, саяси және сыртқы саяси коммуникациялар салаларында өзекті.
Байланыс
ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы nazgul.shyngysova@kaznu.kz | nazgul.shyngyssova@gmail.com
БББ бойынша құжаттар
23123123