7M07105 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы (Реестрден алынды)
Цель: Бағдарлама химия, металлургия, агрохимиялық салалар, өнеркәсіп өнімдерін өндіру саласында терең және іргелі білімі бар, бейорганикалық заттар мен материалдарды өндіру процестерін басқаратын, сондай-ақ заманауи білім беру әдістемелерін әзірлеуге және енгізуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.
Предметы на ЕНТ:
Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама химия, металлургия, агрохимиялық салалар, өнеркәсіп өнімдерін өндіру саласында терең және іргелі білімі бар, бейорганикалық заттар мен материалдарды өндіру процестерін басқаратын, сондай-ақ заманауи білім беру әдістемелерін әзірлеуге және енгізуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.
1. тұрақты дамудың қазіргі заманғы қағидаларын ескере отырып, бейорганикалық заттар мен материалдарды алудың объектілері мен технологиялары туралы негізгі ғылыми-техникалық ақпаратты жүйелеу;
2. өндірістің заманауи технологиялық үдерістерінің сызбасын талдауды, бейорганикалық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды өңдеуді жүзеге асыру;
3. бейорганикалық заттардың химиялық технологиясындағы жаңа қағидаларды, амалдарды, теорияларды, соның ішінде озық ағылшын тілді ғылыми әдебиет негізінде ғылыми танымның әдіснамасы мен философиясына сәйкес оқытудың заманауи әдістерін түсіндіру;
4. бейорганикалық технология үдерістерін бақылау әдістерін және бастапқы шикізат пен дайын өнімді талдау әдістемелерін жетілдіру;
5. әлемдік және қазақстандық өнеркәсіпті дамыту трендтеріне сәйкес минералдық шикізатты қайта өңдеу және бейорганикалық заттарды, материалдарды алу үдерістерінің жаңа технологияларын әзірлеу;
6. зерттеудің, талдаудың, диагностиканың және модельдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, Қазақстан өнеркәсібінің басым жаңа немесе белгісіз бағыттары бойынша бейорганикалық заттардың химиялық технологиясының ғылыми және инженерлік мәселелерін шешу;
7. зерттеу және өндірістік үдерістерді жүзеге асыру мен ұйымдастыру кезінде кәсіби және көшбасшылық қасиеттерді көрсету.
8. қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен оқыту әдістемелерін, соның ішінде ағылшын тілін қолдана отырып, жоғары білім беру ұйымдарында химия және химия-технологиялық пәндер бойынша оқу үдерісін іске асыру;
9. бейорганикалық заттар мен материалдарды алу және өңдеу технологиясының тиімділігін арттыру үшін үдерістер мен жабдықтардың параметрлерін оңтайландыру;
10. өндіріске енгізу үшін химиялық технологияның теориясы мен тәжірибесінің жаңа жетістіктерін сыни бағалау;
11. экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікке сәйкес технологиялық үдерістерді басқару;
12. материалдар мен бұйымдарды, оларды өңдіру, өңдеу және модификациялау үдерістерін зерттеу кезінде кешенді зерттеулер мен сынақтар жүргізу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Минералды шикізатты өңдеудегі қазіргі заманғы технологиялар-5 ECTS
- Теориялық және қолданбалы электрхимияның таңдаулы тараулары-5 ECTS
- Бейорганикалық заттардың инновациялық технологиялары-5 ECTS
- Бейорганикалық синтездің термодинамикалық негіздері-5 ECTS
- Металлургиялық кәсіпорындардағы аналитикалық бақылау-5 ECTS
- Қоршаған ортаны қорғау технологиялары-5 ECTS
- Химиялық технологиялық процестерін жүйелік талдаудың қолданбалы аспектілері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық-4 ECTS
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Экологиялық тәуекелдерді басқару-5 ECTS
- Экологиялық жүйелерді модельдеу-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Түсті металдар кендерін байытудың физика-химиялық негіздері-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Ерітінділер теориясының қолданбалы аспектілері-5 ECTS
- Пирометаллургиялық өндірістердің заманауи мәселелері-5 ECTS
- Ядролық отын циклінің компоненттерін қайта өңдеу-5 ECTS
- Химия-технологиялық өндірістердің техникалық термодинамикасы және жылутехникасы-5 ECTS
- Электрхимиялық сенсорлар-5 ECTS
- Гальваникалық технологиялар-5 ECTS
- Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу-5 ECTS
- Металлургияда өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу технологиясы-5 ECTS
- Қиын байытылатын шикізатты металлургиялық өңдеу-5 ECTS
- Жаңа буын отқа төзімді материалдар технологиясы-5 ECTS
- Сирек металдарды өндіру технологиясы-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Ұнтақты металлургия-5 ECTS
- Галургияның қолданбалы аспектілері-5 ECTS
- Химиялық технологиядағы технохимиялық есептеулер-5 ECTS
- Электрхимиядағы модельдеу-5 ECTS
- Заттардың реакциялық қабілетін болжау-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
Жұмысқа орналастыру
"Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" ББ түлектері бейорганикалық заттарды өңдеу және алу, химиялық, металлургиялық, агрохимиялық салалардың өнімдерін өндіру кәсіпорындарының технологиялық желілерін әзірлеу, жобалау және пайдалану, бейорганикалық заттар мен материалдарды өндіру процестерін басқару саласындағы кәсіпорындарда химик-инженер, химик-технолог болып жұмыс істей алады. Химия, инженерлік ғылым саласындағы базалық білім және электрохимиялық өндірістердің теориялық негіздерін меңгеру, өнеркәсіптік ауқымдағы өндірістердің құралдарымен және жабдықтарымен жұмыс істеу дағдылары оларға осы білім салаларымен байланысты салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді және еңбекті қорғау және техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Байланыс
Багашарова Ж.Т. zh.t_bagasharova@mail.ru
БББ бойынша құжаттар