6B02205 Тарих
Цель: Бағдарлама білім беру және ғылым, әлеуметтік-мәдени және мемлекеттік басқару саласындағы кәсіби қызметінде жүйелі тарихи білім берудің инновациялық тәсілдерінің негізінде мамандардың құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Предметы на ЕНТ: Дүниежүзі тарихы и География

Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама білім беру және ғылым, әлеуметтік-мәдени және мемлекеттік басқару саласындағы кәсіби қызметінде жүйелі тарихи білім берудің инновациялық тәсілдерінің негізінде мамандардың құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
1. Әлеуметтік-этикалық құндылықтары мен қоғамдық-құқықтық қатынастардың жеке адамның жалпы мәдениеті мен әлеуметтенуіне ықпал етуін түсіндіру, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси және төтенше жағдайлар кезінде, әлеуметтік маңызды проблемалар мен процестерге талдау жасау, қоғамдардың жалпы тарихи даму логикасын ашу;
2. Тарих саласындағы тұжырымдамалық және терминологиялық аппараттарды пайдалану, тарихи дереккөздермен жұмыс істеуде қосалқы тарихи пәндердің әдістері; теориялардың мәнін айшықтау; тарихи білім және тарихи үдеріс, тарих ғылымының әдістерінің мәнін түсіну;
3. Тарихтағы әдістемелік тәсілдердің мазмұнын негіздеу, ең маңызды құбылыстардың мазмұны мен заңдарын, ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі заман тарихи кезеңдерін талдау;
4. Қоғамның эволюциялық дамуындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени процестерді түсіндіру; Еуропа, Америка және Орталық Азия елдерінің ежелгі, ортағасырлық, жаңа, қазіргі заманғы тарихының тарихи үдерістерін талдау және тарихи оқиғалардың аймақтық және локалды ерекшеліктерінің байланыстарын белгілеу;
5. Тарих ғылымындағы тенденциялар мен ғылыми мектептердің дамуындағы тарихнамалық үрдістерді бағалау; тарихи шынайылықты бағалау және сипаттау үшін тарихи дереккөздерді қайта қарау;
6. Тарихи оқиғаларды сиапттауда дереккөздерді (материалдық, жазбаша) талдаудың жалпы және нақты әдістерін анықтау; ұлттық және әлемдік тарихтың ортақ оқиғалары мен себептерін сыни түрде бағалау; аймақтың, елдердің тарихи дамуындағы негізгі үдерістерді айқындау;
7. Тарихи оқиғалардың имитациялық үлгілерін компьютерлік модельдеу және тарихи-мәдени, өлкелік мекемелердің, ұйымдарға қатысты аспектілерін ақпараттық қолдау;
8. Әлеуметтік-мәдени жобалар бойынша сараптамалық пікір қалыптастыру және тарихи байланыста талдау, әлеуметтік-экономикалық контексті ақпараттарды талдау және құрылымдаудың түрлі әдістерін қолдану;
9. Білім берудің негізгі мақсаттарын табысты шешудің әдістемелік шарттарын анықтау, оқыту тұжырымдамасын әзірлеу және дайындау және нәтижеге жету бойынша топтың жұмысын ұйымдастыру;
10. Мекемелер мен бірлестіктер қызметіне тарихи-мәдени және өлкетанушлық аспектілермен ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу, аймақтың тарихи-мәдени және табиғи әлеуетін анықтауда қолданылатын тәсілдер, тарихи ескерткіштерді сақтау мен заңнамалық қорғау негізін білу;
11. Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының шешімдер қабылдау үшін тарихи контексті ескере отырып, аналитикалық ақпаратты бағалау; ақпараттық-аналитикалық орталықтардың, қоғамдық және саяси ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының тарихи және әлеуметтік-саяси аспектілерін дамыту; мәдени және білім беру жобаларын әзірлеу және енгізу;
12. Әріптестермен және басқармамен кәсіби қарым-қатынас орнату; өздерінің кәсіби мақсаттарында әлеуметтану, экономика, психология бойынша сабақтас ғылымдар туралы мәліметтерді пайдалану; жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру, стандартты емес жағдайларға бейімделу, командада жұмыс істеу.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі-5 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Археология негіздері-6 ECTS
- Қазақстанның ежелгі тарихы-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Ортағасырлық Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Психология)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану/ Саясаттану/ Мәдениеттану/ Психология)-8 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Мәдениеттану)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану)-2 ECTS
- Кәсіби (оқу: далалық археологиялық) практика-2 ECTS
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Қосалқы тарихи пәндер-5 ECTS
- Қазақстанның жаңа заман тарихы-5 ECTS
- Ежелгі дүние тарихы-5 ECTS
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Тарихи этнология-5 ECTS
- Деректану және тарихнама-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Мұрағаттану негіздері-6 ECTS
- Орта ғасырлар тарихы-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
- Кеңестік Қазақстан тарихы-6 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Алтын Орда өркениеті-5 ECTS
- Ортағасырлық Қазақстан және мұсылман Шығысы-5 ECTS
- Орталық Азия көшпелі өркениетінің тарихи өлшемдері-5 ECTS
- Түрік әлемі және Еуропа-5 ECTS
- Музейтану негіздері-5 ECTS
- Шығыс тілі Б.1 (араб/парсы/қытай/түрік)-5 ECTS
- Европа елдерінің тілі Б.1 (неміс/француз/итальян/испан)-5 ECTS
- Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы-5 ECTS
- Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Кеңестік Қазақстан тарихындағы қайшылықтар мен модернизация-5 ECTS
- Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі замандағы тарихы-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
- Осман империясының тарихы-5 ECTS
- Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы-6 ECTS
- Қазақстан империялық тәжірибелер жүйесінде-5 ECTS
- Әлемдік діндердің салыстырмалы тарихы-5 ECTS
- Шығыс тілі Б.2 (араб/парсы/қытай/түрік)-5 ECTS
- Европа елдерінің тілі Б.2 (неміс/француз/итальян/испан)-5 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта-5 ECTS
- Ресей мемлекетінің тарихы-5 ECTS
- Клиометрика-5 ECTS
- Басқару қызметінің негіздері-6 ECTS
- Тарихи саясат-5 ECTS
- Еуропаның ХХ ғасырдағы тоталитарлық мемлекеттерінің тарихы-5 ECTS
- Тарихи білім-5 ECTS
- Шет тілі бойынша практикум (араб/парсы/қытай/ түрік)-5 ECTS
- Арнайы мақсаттағы тіл (неміс/француз/итальян/испан)-5 ECTS
- Қытай тарихы-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Өндірістік-8 ECTS
- Дипломалды-8 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Кәсіби қызмет салалары: ғылым, білім, мемлекеттік басқару, Мәдениет және өнер, қоғамдық бірлестіктер; Кәсіптік қызмет саласының объектілері: оқу орталықтарында; жалпы және кәсіптік білім беру жүйесінде; ҒЗИ; мұрағаттарда; мұражайларда; мемлекеттік басқару органдарында; әкімдіктерде; ішкі саясат және мәдениет департаменттерінде;қоғамдық ұйымдарда жұмыс істей алады. Кәсіби қызмет түрлері: - білім беру(орта және орта арнаулы оқу орындарымен, гимназиялар мен лицейлермен, оқу орталықтарымен жұмыс); - ғылыми-зерттеу (ЖОО зертханаларында, ҒЗИ, кітапханаларда, мұрағаттарда, мұражайларда жұмыс); - мәдени-ағартушылық (мәдениет ұйымдары мен мекемелеріндегі жұмыс); - сараптамалық-талдамалық (қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардың талдау орталықтарындағы жұмыс); - ұйымдастырушылық-басқарушылық (мемлекеттік басқару, жергілікті, өңірлік және республикалық өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істеу).
Байланыс
Қазақстан тарихы кафедрасы. ГУК 3; 4 этаж; 413 кабинет. 8 (727) 377-33-33; 1286. eleysizzhuldyz@gmail.com
БББ бойынша құжаттар
23123123