7M07103 Химиялық инженерия
Цель: Өндірістік процестерді басқару, заттар мен материалдарды алу әдістерін, ережелері мен технологияларын жетілдіру және әзірлеу құзыретттіліктерге ие, химиялық инженерия мен өнеркәсіптің әртүрлі салаларына, сондай-ақ орта, кәсіптік және жоғары оқу орындарына арналған мамандарды даярлау.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
Өндірістік процестерді басқару, заттар мен материалдарды алу әдістерін, ережелері мен технологияларын жетілдіру және әзірлеу құзыретттіліктерге ие, химиялық инженерия мен өнеркәсіптің әртүрлі салаларына, сондай-ақ орта, кәсіптік және жоғары оқу орындарына арналған мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер келесідей біліктілікке ие болады:
1) ғылыми танымның әдістемесі мен философиясына сәйкес химиялық технологиядағы жаңа принциптерді, тәсілдерді, теорияларды түсіндіру;
2) Химиялық инженерияның мамандандырылған салаларының объектілері мен технологиялары, сондай-ақ оны оқыту әдістері туралы, оның ішінде озық ағылшын тілді ғылыми әдебиеттер негізінде қазіргі заманғы ғылыми-техникалық ақпаратты жүйелеу;
3) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, химиялық инженерия саласындағы халықаралық стандарттар мен регламенттерді пайдалана отырып, өндірістік процестердің негізгі химиялық-технологиялық деректері мен параметрлерін талдауды және есептеуді, әдістер мен технологияларға негізделген таңдауды жүзеге асыруға;
4) химиялық-технологиялық өндірістің тиімділігін арттыру үшін химиялық процестердің, өнеркәсіптік реакторлар мен жабдықтардың технологиялық параметрлерін оңтайландыру;
5) ғылыми зерттеудің, қасиеттерін болжаудың, талдаудың, диагностиканың және модельдеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, Қазақстан өнеркәсібінің басым бағыттары бойынша химиялық инженерия мәселелерін жаңа және стандартты емес контексте шешу;
6) Химиялық инженерия процестерін бақылауды, алынатын заттар мен материалдардың сапасын басқаруды, ақаудың себептерін анықтауды және оларды жоюды жүзеге асыруға;
7) бастапқы шикізат пен өнімді талдау, материалдарды диагностикалау әдістемелерін жетілдіру;
8) орта және жоғары білім беру ұйымдарында химия-технологиялық пәндер бойынша оқу процесін цифрлі білім беру технологияларын қолдана отырып іске асыруға;
9) құқықтық және экологиялық сипаттағы нормативтік құжаттарды ескере отырып, жаңа заттар мен материалдарды алу процестері үшін ғылыми-техникалық және конструкторлық құжаттаманы әзірлеу;
10) бәсекеге қабілетті өнім алу, оны дайындауға материалдық және еңбек шығындарын қысқарту, ілеспе экологиялық тәуекелдерді азайту мақсатында технологиялық процестерді басқару;
11) әлемдік және қазақстандық өнеркәсіптің даму тенденцияларына сәйкес Қазақстан өнеркәсібінің инновациялық және басым бағыттарында минералдық шикізатты өңдеудің және жаңа заттар, материалдар алудың жаңа әдістері мен технологияларын әзірлеу;
12) білім беру саласындағы, химия өнеркәсібі кәсіпорындарындағы және ілеспе салалардағы персоналдың, арнайы бөлімшелердің жұмысын басқару.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Үдерістерді бақылаудың тереңдетілген курсы-5 ECTS
- Деректерді талдаудың қолданбалы аспектілері-5 ECTS
- Физикалық химияның тереңдетілген курсы-5 ECTS
- Химиялық инженерия процестерін бақылаудың қолданбалы аспектілері-5 ECTS
- Деректер ғылымына кіріспе-5 ECTS
- Химия-технологиялық өндірістердің техникалық термодинамикасы және жылутехникасы-5 ECTS
- Химиялық процестердің макрокинетикасы және реакторларды есептеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)-5 ECTS
- Өндірістік жабдықты коррозиядан қорғау-5 ECTS
- Химиялық ток көздері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Биологиялық белсенді заттардың органикалық синтезінің стратегиясы-5 ECTS
- Шикізатты өңдеу технологиясының өзекті мәселелері-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Электрхимиялық материалтану-5 ECTS
- Гальваникалық технологиялар-5 ECTS
- Электрхимиядағы модельдеу-5 ECTS
- Супрамолекулалық химия-5 ECTS
- Нанохимия-5 ECTS
- Материалтанудың физика-химиялық негіздері-5 ECTS
- Қиын байытылатын шикізатты металлургиялық өңдеу-5 ECTS
- Түсті металлургия қалдықтарын өңдеудің физика-химиялық негіздері-5 ECTS
- Пирометаллургиялық процестер-5 ECTS
- Гибридті электроникадағы химиялық инженерия-5 ECTS
- Биомедициналық инженерия-5 ECTS
- Нейроғылымның негіздері-5 ECTS
- Құрамында күкірті бар шикізатты өңдеу технологиялары-5 ECTS
- Бейорганикалық заттардың инновациялық технологиялары-5 ECTS
- Уран кендерін өңдеу технологиясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
Жұмысқа орналастыру
"7М07103 Химиялық инженерия" ББ түлектері өндірістік үдерістерді басқару, заттар мен материалдарды алудың әдістемелерін. Регламенттерін және технологиясын жетілдіру мен әзірлеу, сонымен қатар педагогикалық дағдыларға ие болып, жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытушы, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, инженер-химик, аға химик-технолог, жетекші химик-технолог ретінде жұмыс жасай алады. Қазіргі уақытта "7М07103 Химиялық инженерия" ББ түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы 100 % құрайды.
Байланыс
А.М. Аргимбаева akmaral.argimbaeva@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123