Білім беру бағдарламасы
Химиялық инженерия саласындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды (философия докторларын) жоғары оқу орындарына, зерттеу ұйымдарына және байланысты салаларға даярлау, олар:
- диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру үшін химиялық инженерияның ең жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен концепцияларын жүйелендіріп, осы білімді әрі қарай қолдануға;
- өзекті ғылыми міндетті таңдау негізінде ғылыми зерттеуді өз бетінше жоспарлап, жүргізуге, сондай-ақ алынған деректерді талдауға және түсіндіруге;
- өз ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми пікірталастарда және жарияланымдарда негіздеп ұсына алуға;
- химиялық инженерияның өзекті міндеттерін шешу үшін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және басқаруға;
- белгілі бір қасиеттері бар заттар мен материалдарды алу және өңдеудің жаңа экономикалық тиімді технологиялары мен схемаларын әзірлеуге;
- жоғары білім беру ұйымдарында химия-технологиялық бағыттағы оқу курстарын әзірлеп, іске асыруға;
- химия өнеркәсібі материалдарын өндіру және өңдеу бойынша өндірістік қызметтер мен кәсіпорындарды басқаруға қабілетті.
Осы білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер мыналарды білуі керек:
1) химиялық инженерияның соңғы бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу;
2) халықаралық деректер қорын пайдалана отырып, химиялық инженерияның мамандандырылған саласындағы жетекші ғылыми басылымдардағы заманауи ғылыми-техникалық ақпаратты талдауды жүзеге асыру;
3) таңдалған химиялық инженерия саласының өзекті мәселелерін шешу үшін жаңа гипотезаларды ұсыну;
4) мамандандырылған химия саласының ғылыми-техникалық базасын дамыту үшін жүйелік және пәнаралық білімді қолдану;
5) тиімді педагогикалық қызмет үшін кәсіби өсуді және құзыреттерді дамытуды ескере отырып, жоғары білім беру ұйымдарында химиялық инженерия саласындағы педагогикалық қызметті жоспарлау;
6) білім беру, мәдени құндылықтар және оқыту теориясы саласындағы стратегиялық құжаттарды білу негізінде сапалы оқытудың педагогикалық тәсілдерін пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
7) химиялық инженерияның заманауи мәселелерін шешу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру;
8) материалдарды өндіру мен өңдеуді қамтамасыз ету үшін жобалау құжаттамасын, нормативтік құжаттарды әзірлеу;
9) өнеркәсіптік қауіпсіздік, сапа менеджменті, тәуекелдердің алдын алу, тұрақтылық және қоршаған ортаны қорғау контекстінде өндірісті, қызметтерді және кәсіпорындарды басқару;
10) заттар мен материалдарды өндіру мен өңдеудің үнемді және экологиялық таза жаңа технологияларын әзірлеу;
11) қазіргі заманғы химиялық инженерияның өзекті салаларында жаңа білімдерді құру және тәжірибеде қолдану жобаларын әзірлеу;
12) химия өнеркәсібі және сабақтас салалар саласында республикалық және шетелдік ғылыми топтармен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Химиялық инженерияның заманауи үрдістері-5 ECTS
- Мұнай-химиялық туындылар-5 ECTS
- Қазіргі заманғы жоғары энергиялық электрохимиялық жүйелер-5 ECTS
- Биоорганикалық молекулаларды трансформациялаудың инновациялық тәсілдері-5 ECTS
- Экологиялық инженериясының инновациялық жобалары-5 ECTS
- Заманауи кәсіпорнының өндірістік инфрақұрылымы-5 ECTS
- Химик-инженерлерге арналған жобаларды басқару-5 ECTS
- Химиялық инженериядағы заманауи IT-технологиялар-5 ECTS
- Химиялық инженерияның алға бастайтын бағыттары-5 ECTS
- Химиялық инженериядағы беттік ғылым-5 ECTS
- Каталитикалық крекинг технологиясы-5 ECTS
- Жасушалық және тіндік инженерия үшін полимерлік материалдар-5 ECTS
- Нанотехнологияның электрохимиялық аспектілері-5 ECTS
- Композициялық силикатты материалдар-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
- Экологиялық мониторинг-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Бітіру семинары-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
- Қортынды аттестация-12 ECTS
Жұмысқа орналастыру
8D07102 - «Химиялық инженерия» ББ түлектері өндірісте, қызметтер мен кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздік, сапа менеджменті, тәуекелдердің алдын алу, тұрақтылық және қоршаған ортаны қорғау салаларында басшылық қызметтерді атқара алады. Алынған білім мен дағдылар 8D07102 - «Химиялық инженерия» бағдарламасының түлектеріне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытушылық қызметті ғана емес, сонымен қатар химиялық инженерия саласындағы ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыруға және басқаруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 8D07102 - «Химиялық инженерия» ББ түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы 100 % құрайды.
Байланыс
Абилев М.Б.
Madi.Abilev@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123