Білім беру бағдарламасы
Мұнайхимия және мұнай өңдеу технологиялары саласында терең арнайы және іргелі білімі бар жаңа буындағы сұранысқа ие кадрларды даярлау.
Бағдарлама магистрдің кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған:
- мұнай-химия және мұнай өңдеу саласындағы заманауи білімді түсіндіру және жалпылау;
- мұнай химиясы саласындағы ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру;
- өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін түсіндіру және оларды кәсіби шеңберге хабарлау;
- көмірсутек шикізатын заманауи өңдеуде болып жатқан үдерістер туралы ағымдағы ақпаратты талдау және олардың салдарын бағалау;
- көмірсутек шикізатын өңдеудің жаңа заманауи технологияларын жасау және енгізу.
Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін магистранттар келесілерге қабілетті болады деп күтілуде:
1. Мұнай, газ және бейдәстүрлі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу үдерістерінің заманауи, жаңа және нанотехнологиялар саласында өздерінің терең білімдерін көрсету.
2. Мұнай химиясы саласындағы теория мен практикадан бастап, заманауи және нанотехнологияларға дейінгі салаларда, мұнай-химия және мұнайды қайта өңдеу катализаторларының синтезіндеөздерінің білім деңгейін көрсету.
ON3. Меңгерген білімдерін мұнай химиясы өндірісінде сапаны басқару бойынша жобалық шешімдерді әзірлеу мақсатында қолдана білу.
4. Органикалық және мұнай химиясы синтезі үдерістерінде қолданылатын шикізат компоненттерін алудың қолданыстағы және перспективалық технологиялары мен әдістерін сыни бағалау.
5. мұнай химиясы және газды қайта өңдеу өндірістерінде орын алатын экологиялық мәселелердің деңгейін шешуге және бағалауға, сондай-ақ оларды шешудің тиімді жолдарын табуға қабілетті болу.
6. Мұнай, газ, табиғи энергия тасығыштар мен көміртегі материалдарын қайта өңдеудің жаңа технологияларын жасау бойынша физика-химиялық және инженерлік-технологиялық шешімдерді ұсыну және негіздеу.
7. Мұнайды, көмірсутекті газдарды және мұнай-битуминозды жыныстарды қайта өңдеудің химиялық-технологиялық процестерін әзірлеу кезінде туындайтын стандартты кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерін ұсыну.
8. Процестерді жүргізу барасында энергия ресурстарының шығынын төмендету үшін мұнай өңдеу кәсіпорындарында қолданылатын шешімнің техникалық тәсілдерінің әдістері мен негізгі іс-шараларын қолдану.
9. Мұнайхимиясындағы әдеби, теориялық және эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде алынған дәлелдік базаны пайдалана отырып, ғылыми пікірталас жүргізуге қабілетті болу.
10. Гетерогенді және гомогенді катализаторлардың құрылысы, сондай-ақ олардың қатысуымен өтетін өзгеру механизмі саласында мұнай химиясы зерттеулерін жоспарлауға шығармашылық көзқарас таныту.
11. Энергияны үнемдеу технологиясы негізінде технологиялық регламент талаптарына сәйкес берілген сападағы өнімді ала отырып, мұнай өңдеу бойынша қондырғыларды жобалау.
12. Өз шешімдері мен тосынойларын іске асыру, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыру. Философияның түрлі мәселелері бойынша жеке дүниетанымдық ұстанымын қалыптастыру және оларды дәйекті түрде қорғай білу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Кәсіби қызмет саласында кадрлар даярлау мынадай қызмет түрлерін, кәсіптерді, біліктілік деңгейлерін қамтиды
- аналитикалық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- жобалық;
- ғылыми-зерттеу;
- инновациялық-кәсіпкерлік;
- өндірістік-технологиялық; жобалық.
Байланыс
87025419765
nazym2011@inbox.ru