Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты - теориялық және практикалық ойлауы, көшбасшылық қасиеттері бар, өзіндік дәлелді ұстанымын қалыптастыратын, қазіргі заманғы IT негізінде құжаттану, архивтану және педагогикалық қызмет салаларында іргелі және пәнаралық зерттеулерді ұсына алатын ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
ОИ1 Студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттарын ескре отырып, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және педагогикалық қызметті жүзеге асыру.
ОИ2 Заманауи ақпараттық технологиялардың үдерісін, оның ішінде жасанды интеллектті қолдануды зерттеу және оларды архив ісі мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету салаларына енгізу жолдарын әзірлеу.
ОИ3 Идеяларды қалыптастыру, басқару қызметтің нәтижелерін болжау, архив ісі мен құжаттамалық қамтамасыз ету саласында кең ауқымды өзгерістерді жүзеге асыру және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
ОИ4 Метадеректерді басқарудың әдіснамалық және технологиялық алгоритмдерін пайдалана отырып, тақырыптық деректер базасын және архив саласы мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудың бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеу.
ОИ5 IТ-технологиялар саласы, архивтік құжаттарды цифрлық форматқа көшіру, электрондық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және оларды архив ісінің тәжірибесі мен оқу үрдісіне енгізу.
ОИ6 Архив ісі, құжаттану, деректану, аудиовизуалды құжаттардың археографиясы, ақпараттық технологиялар салаларында пәнаралық зерттеулер жүргізу және архивтік құжаттарды зерттеу, оларды анықтау мен іріктеу әдістері мәселелері бойынша пікірталас жүргізу.
ОИ7 Зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелерді жоғары импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдарда жариялау және оларды ғылыми-практикалық форумдарда, халықаралық және республикалық конференцияларда сыннан өткізу.
ОИ8 Архивтану, құжаттану, аудиовизуалды құжаттар археографиясы мен деректанудың теориялық және практикалық мәселелерін түсіндіру және зерттеу нәтижелерін іс жүзінде жүзеге асыру үшін ішкі және сыртқы ғылыми мектептермен ынтымақтастық орнату.
ОИ9 Ұжымды басқару мен басқаруда көшбасшылық таныту, құрылымдық бөлімшелердің орынбасарларының, басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін, олардың қызметін талдау негізінде тиімді бөлу.
ОИ10 Зерттеу нәтижелерін кейін коммерцияландыра отырып ақпараттық өнімдер мен қызметтерді құру мақсатында меншіктің әртүрлі нысандарындағы ұйымдармен ғылыми бірлескен жобаларды іске асыру.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Жұмысқа орналастыру мынадай қызмет түрлерінде жұмыс істеуді көздейді:
- білім беру (педагогикалық) – білім беру саласында жұмыс жасау: ЖОО мен колледж оқытушысы;
- ғылыми-зерттеу – ғылыми-зерттеу институттарда және архив мекемелерінде, зерттеу жұмыстарын жүргізу: Бас ғылыми қызметкер, Жетекші ғылыми қызметкер.
- сараптамалық-кеңесші – архив мекемелерінде жасау: Бас сарапшы;
- әкімшілік-басқару – мемлекеттік құрылымдарда, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінде: директор, директор орынбасары, қызмет басшысы, қызмет басшысының орынбасары, бөлім жетекшісі, бөлім жетекшісінің орынбасары.
Байланыс
Жұмыс телефоны:+7(727)3773330 ішкі.12-91
Координатор: Сексенбаева Гүлзира Әшімханқызы
ұялы телефон: +77472960460
Электронды пошта:Seksenbaevagulzira@gmail.com