8D03205 Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету
Цель: Білім беру бағдарламасының мақсаты жүйелі теориялық және практикалық ойлау қабілеті, көшбасшылық қасиеттері бар, кез келген мәселелер бойынша өзінің дәлелді ұстанымын қалыптастыратын, қазіргі заманғы іргелі ғылыми білімді және құжаттану, құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету, архивтанудағы пәнаралық зерттеу әдістерін мен педагогикалық қызметті заманауи IT негізінде жүйелі түрде ұсынуға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Предметы на ЕНТ:
Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты жүйелі теориялық және практикалық ойлау қабілеті, көшбасшылық қасиеттері бар, кез келген мәселелер бойынша өзінің дәлелді ұстанымын қалыптастыратын, қазіргі заманғы іргелі ғылыми білімді және құжаттану, құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету, архивтанудағы пәнаралық зерттеу әдістерін мен педагогикалық қызметті заманауи IT негізінде жүйелі түрде ұсынуға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.Аталған бағдарламаны аяқтаған докторанттардан күтілетін қабілеттер:
ON1 әлем халықтарының этноәлеуметтік және этномәдени дамуына сай оларды әлеуметтік-саяси және экономикалық үдерістермен қабыстыра отырып салыстырмалы талдау жүргізілген этнологияның заманауи жетістіктері негізіндегі ғылыми зерттеулерді жүргізу
ON2 жұмыс бейіні бойынша ҚР аумағы мен шет елдерде ғылыми-зерттеу экспедициялары мен далалық ізденістерді ұйымдастыру және жүргізу; археология мен этнология мәселелері бойынша заманауи зерттеу ұстанымдарын сипаттау және талдау мақсатында пәнаралық ілімді зерттеу үдерістеріне кіріктіру
ON3 ҚР өңірлері бойынша археологиялық және этнологиялық мониторинг жүргізу, көрме, семинар, конференция ұйымдастыру және өткізу; археологиялық және этнографиялық зерттеулер бойынша ғылыми жобалар мен ғылыми есептерге сараптамалық қорытынды жасау;
ON4 этнографиялық білім беру бағдарламалары, музей жұмысы бойынша білім беру қызметімен айналысу; ғылыми және білім беру ісінде аудио және видеоматериалдарды құрастыру; ғылыми есеп, реферат, мақала тезистері түрінде оқу және ғылыми-зерттеу қызметтері нәтижелерін көрсету;
ON5 тарих, мәдениет, ұлтаралық қатынастар мен археологиялық материалдар мәселелері бойынша ғылыми болжамдар жасау және сараптама жүргізу; археологиялық және этнологиялық зерттеулердегі ғылыми ізденістер нәтижелеріне, заманауи теорияларға, мәселелер мен ұстанымдарға сыни талдаулар жүргізу.
ON6 кешенді археологиялық және этнографиялық зерттеулерді, сонымен қатар біртұтас жүйелі ғылыми таным негізінде пәнаралық ізденістерді жобалау және жүзеге асыру; ғылыми зерттеулердегі қолданылып жатқан әдістемелердің негіздемесін бағалай алу;
ON7 мемлекеттік және шетел тілдерінде заманауи әдістер мен ғылыми қатынастар технологиясын қолдану, ұжымды басқарған кезде ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік жұмыстарды ұйымдастыру, команданың мақсаттарына ықпал ету, керекті мақсаттардың бағыттарына қарай оның әлеуметтік-психологиялық климатына ықпал ету, қызмет нәтижелерінің сапасын бағамдау
ON8 далалық археологиялық зерттеулер әдісін жетілдіру, археологиялық ескерткіштерді табу мен зерттеуде заманауи технологияларды енгізу, бұрын зерттелінген ескерткіштерді археологиядағы жаңа ашылулар негізінде сауалдарын қайта өрбіту, ГИС-әдістері сынды зерттеулерді қолдану арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру.
ON9 археологиялық зерттеулердің ақпараттық базасын құрастыру, Интернет желісіне сандық тұрғыдан орналастыру; далалық жұмыстар мен Қазақстан Республикасының ежелгі және ортағасырлық маңызды мәліметтерін интеграциялайтын зерттеу нәтижелеріне ақпараттық жүйелер жасау;
ON10 пәнаралық зерттеулер жүргізу, археологиялық материалдарды жаратылыстану және техникалық бейіндегі ғылыми мамандармен бірлесе отырып кешенді зерттеу жүргізу; өзінің дербес зерттеулері негізінде археологиялық ескерткіштерді зерттеудің түпнұсқалық әдістері мен зерттеулік және аналитикалық болжамдық қызметін жасап шығару;
ON11 ақпараттық-талдау орталықтары, қоғамдық, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, БАҚ, тарихи-мәдени туризм мекемелері қызметтеріне қарай тарихи және әлеуметтік-саяси мәселелерді талдап беру;
ON12 ғылыми қауымдастықтарда өзара қатынас нормаларын, ғалым-зерттеуші ғылыми этикасын сақтау, ұжымда көшбасшы болу, бастама көтере білу, өзінің кәсіби құзыреттелігі аясында өз шешімдері үшін жауапкершілікті мойнына алу, кәсіби қызметінде пайда болған түйінді жағдайларды шешу.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Аудиовизуалды және электронды құжаттар археографиясының проблемалары-5 ECTS
- Архивтік деректанудың теориялық-методологиялық мәселелері-5 ECTS
- Архив ісіндегі инновациялық технологиялар-5 ECTS
- Электронды құжаттардың метадеректерін басқару-5 ECTS
- Архивтану және құжаттанудағы ақпараттық жүйелер-5 ECTS
- Басқару қызметін модельдеу-5 ECTS
- Құжаттану және архивтануды зерттеудің әдістемесі мен метатеориялары-5 ECTS
- Заманауи аудиовизуалды коммуникациялар-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Докторлық диссертацияны жазу және қорғау-12 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Жұмысқа орналастыру мынадай қызмет түрлерінде жұмыс істеуді көздейді: - білім беру (педагогикалық) – білім беру саласында жұмыс жасау: ЖОО мен колледж оқытушысы; - ғылыми-зерттеу – ғылыми-зерттеу институттарда және архив мекемелерінде, зерттеу жұмыстарын жүргізу: Бас ғылыми қызметкер, Жетекші ғылыми қызметкер. - сараптамалық-кеңесші – архив мекемелерінде жасау: Бас сарапшы; - әкімшілік-басқару – мемлекеттік құрылымдарда, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінде: директор, директор орынбасары, қызмет басшысы, қызмет басшысының орынбасары, бөлім жетекшісі, бөлім жетекшісінің орынбасары.
Байланыс
Жұмыс телефоны:+7(727)3773330 ішкі.12-91 Координатор: Сексенбаева Гүлзира Әшімханқызы ұялы телефон: +77472960460 Электронды пошта:Seksenbaevagulzira@gmail.com