6B05103 Биотехнология
Цель: Биотехнологияның қазіргі жай-күйін, проблемалары мен даму перспективаларын бағалауға қабілетті ғылыми-зерттеу және диагностикалық мекемелер мен өндірістік кәсіпорындар үшін мамандарды сапалы даярлау; қоғамның биотехнологиялық өнімге қажеттілігін айқындау, биотехнология саласындағы кәсіби проблемаларды шешу, өндірістік міндеттерді кәсіби тілде тұжырымдау және оларды заманауи технологиялардың көмегімен іске асыру
Предметы на ЕНТ: Биология и Химия
Білім беру бағдарламасы
Биотехнологияның қазіргі жай-күйін, проблемалары мен даму перспективаларын бағалауға қабілетті ғылыми-зерттеу және диагностикалық мекемелер мен өндірістік кәсіпорындар үшін мамандарды сапалы даярлау; қоғамның биотехнологиялық өнімге қажеттілігін айқындау, биотехнология саласындағы кәсіби проблемаларды шешу, өндірістік міндеттерді кәсіби тілде тұжырымдау және оларды заманауи технологиялардың көмегімен іске асыру
ON 1 – биотехнологияның түрлі салаларында қолдану мақсатында, ғылыми зерттеулер мен практикалық жұмыстар үшін обьект ретінде микроорганизмдерді, өсімдіктерді немесе жануарларды таңдауды негіздеу;
ON2 – биологиялық объектілердің, шикізаттың, аралас субстанциялардың және дайын өнімдердің биотехнологиялық өндірістің ерекшелігіне сәйкестігін бағалау үшін физика-химиялық және технологиялық тәсілдерді пайдалана отырып зертханалық талдаулар мен эксперименттер жүргізу;
ON3 – биологиялық объектілерді жаңа биотехнологиялық өнім алу үшін пайдалану технологияларын әзірлеу мақсатында пилоттық, өнеркәсіптік және далалық сынақтар жүргізу;
ON 4 - биотехнология саласында ферменттерді, вирустарды, микроорганизмдерді, жануарлар мен өсімдіктердің жасушалық дақылдарын алу, олардың биосинтезін және биотрансформациясын қолдану үшін қажетті ақпараттық технологияларды ғылыми зерттеулер мен зерттеулердің барабар әдістерін пайдалану;
N 5 - биообъектілердің өнімділігін, өндірістік тиімділігін арттыру және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі мен экономикалық рентабельділік үшін биотехнологиялық препараттарды алудың және биотехнологиялық процестерді өнеркәсіптік жүзеге асырудың сатыларын талдаудың негізгі технологияларын пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу
ON 6 - дайын биотехнологиялық өнім өндірісінің стандартты режимін қамтамасыз ету мақсатында технологиялық процестердің ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асыру және инновациялық процестер мен өнімдерді жасау үшін инженерлік талдау міндеттерін шешу.
ON 7 - Шикізаттар мен тұтас өнімдерді өндірудің технологиялық процесін олардың сапаларына ГОСТ, техникалық шарттарға, Санпинаға сәйкестігін бағалау және биотехнологиялық өнімдерді ұйымдастыруды good manufacturing practice (GMP) ережелеріне сәйкестендіру үшін бақылау.
ON 8 – микробиологиялық синтез өнімдерін алу үшін биокатализация және нанобиотехнологиялардың гендік және клеткалық инженерия нәтижелерін практикалық қолдану мүмкіндігін бағалау;
ON 9 - генетикалық түрлендірілген организмдерді алуға және пайдалануға байланысты қоршаған ортаға түсу мүмкіндіктерінің қауіптілігін бағалау үшін биотехнологиялық объектілердің әлеуетті қауіптілігін болжау;
ON 10 - биотехнологиялық өнімге талдау жүргізу және Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растау үшін кәсіпорынның келісілген жергілікті актілеріне (технологиялық регламенттерге, лауазымдық жұмыс нұсқаулықтарына, талдау әдістемелеріне) шығарылатын өнімдердің өндірісі мен сапасын ұйымдастыру және бақылау бойынша кәсіби қызмет көрсету
ON 11 - проблеманы қалыптастыру және биотехнологиялық әдістерді, технологиялық тәсілдерді, аппаратураны және жабдықты әрі қарай Жеке және кәсіби дамыту үшін пайдалану;
ON 12 - қолданбалы биотехнологияның әртүрлі салаларында теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізу, орындалған және жоспарланған жұмыстар бойынша техникалық, аналитикалық, ғылыми және есептік құжаттамаларды жасау мен ресімдеуге, ақпараттық ресурстар мен компьютерлік технологиялардың көмегімен бастапқы деректерді, зертханалық талдаулар мен эксперименттердің нәтижелерін өңдеуге қатысу.
ON 13- Қазіргі саяси процестерді талдауға және теориялық білімді экономикалық ақпаратты пайдалануда практикалық қызметте қолдануға қажетті философиялық білімді меңгеру
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Әлеуметтану-2 ECTS
- Психология-2 ECTS
- Мәдениеттану-2 ECTS
- Саясаттану-2 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- STEM-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері-5 ECTS
- Экология және тұрақты даму-5 ECTS
- Инклюзияға кіріспе-5 ECTS
- Ботаника-5 ECTS
- Зоология-5 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Оқу-далалық-3 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Генетика-5 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Химиялық технология-5 ECTS
- Биомолекулалардың құрылымы мен қасиеттері-5 ECTS
- Микробтық биотехнология-5 ECTS
- Қолданбалы энзимология-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Молекулалық биология-5 ECTS
- Өнеркәсіптік биотехнология-6 ECTS
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Метаболизм-6 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Генетикалық инженерия-5 ECTS
- Дәрілік заттардың биохимиясы-5 ECTS
- Экотоксикология-5 ECTS
- Иммобилизденген биообъектілер-5 ECTS
- Клеткалық биотехнология-5 ECTS
- Инфекцияларға қарсы микробты препараттар-5 ECTS
- Биоинформатикаға кіріспе-5 ECTS
- Мутагенез-5 ECTS
- Адам және жануарлар цитогенетикасы-5 ECTS
- Молекулалық генетика және геномды талдау әдістері-5 ECTS
- Медициналық микробиология-5 ECTS
- Фототрофты микроорганизмдер биотехнологиясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Санитарлы микробиология-5 ECTS
- Биогеотехнология-5 ECTS
- Биотехнологиядағы процесстер мен аппараттар-5 ECTS
- Геномика және протеомика негіздері-5 ECTS
- Биотехнологияның генетикалық негізі-5 ECTS
- Канцерогенез генетикасы-5 ECTS
- Фармацевтикалық биотехнология-5 ECTS
- Экологиялық биотехнология-6 ECTS
- Тағамдық биотехнология-5 ECTS
- Медициналық биотехнология-5 ECTS
- Өсімдіктердің иммуногенетикасы-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Өсімдіктердің физиологиясы мен биотехнологиясы-6 ECTS
- Молекулалы технологиялар-5 ECTS
- Биоматериалдар-5 ECTS
- Биотехнологиялық өндірістерің микробиологиялық бақылау-5 ECTS
- Ұлттық сүтқышқылды өнімдердің микробиологиясы-5 ECTS
- Биологиялық қайта өңдеу және биоқауіпсіздік-5 ECTS
- ГМӨ мен органик өнімдердің қауіпсіздігі-5 ECTS
- Пробиотикалық биотехнология-5 ECTS
- Фиторемедиация-5 ECTS
- Биологиялық белсеңді заттардың және фитопрепараттардың технологиясы-5 ECTS
- Өсімдіктер мен жануарлар селекциясы-5 ECTS
- Криминалистикадағы генетикалық сараптама-5 ECTS
- Биостатистика-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Өндірістік-8 ECTS
- Дипломалды-8 ECTS
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Жұмыспен қамту келесі қызмет түрлері бойынша жұмысты қамтиды: • Зерттеулер: зерттеу саласындағы жұмыс биотехнология саласындағы зерттеулерден, әдістемелік әзірлемелерден және жаңалықтардан тұрады. Жұмыс орындары: ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар; агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары; • Медицина: медициналық мекемелердің зертханаларында, сот-медициналық сараптамаларда жұмыс. • Өндіріс: фармацевтика, ауылшаруашылық өндірісі, тамақ өнеркәсібі – тірі организмдермен жұмыс. Мұнда гибридизация, гендік инженерия, бионика және биофармакология ерекше рөл атқарады. Жұмыс орындары: фармацевтикалық компаниялар; азық-түлік фирмалары мен компаниялары; биотехнологиялық кәсіпорындар.
Байланыс
+77772420929 Аида +77074871658 Фариза aida.kistaubaeva@kaznu.edu.kz fariza.sarsekeyeva@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар