7M02307 Лингвистика
Цель: Әртүрлі кәсіби қызметте лингвистикалық білімді қолдана алатын, ғылыми-педагогикалық қабілеті қалыптасқан білікті лингвист маманды дайындау
Предметы на ЕНТ: Жалпы тіл білімі и Лингвистика ілімінің тарихы
Білім беру бағдарламасы
Әртүрлі кәсіби қызметте лингвистикалық білімді қолдана алатын, ғылыми-педагогикалық қабілеті қалыптасқан білікті лингвист маманды дайындауON1 Ғылыми зерттеу жұмысын дайындау жағдайында тілдік үдерістердің себеп-салдарлық байланыстарын анықтай отырып, ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізін құрастыру.
ON2 Әртүрлі тілдердегі мәліметтерді пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізудің жоспарлары мен әдістемелік бағдарламаларын әзірлей отырып, ең күрделі және жауапты жұмыстарды орындаушы ретінде ғылыми зерттеулер жүргізу.
ON3 Түрлі дереккөздерден маңызды деректерді жинау және өңдеу, материалдардың құрылымы мен мазмұнын талдау, жалпы ережелер немесе қорытынды жасау үшін ақпараттарды біріктіру, мәнмәтінді, емле, синтаксис, пунктуация және материал стилін өңдеу.
ON4 Жасанды интеллект, компьютерлік бағдарламалар мен технологияларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде және оқу үдерісінде қолдану.
ON5 Нақты және сенімді зерттеу нәтижелеріне негізделген көпшілік алдында сөйлеудің, келіссөздер мен полемиканың негізгі ережелеріне сәйкес өз ұстанымдары мен жеке көзқарасын қорғау.
ON6 Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесіндегі мемлекеттік лингвистикалық бағдарламалардың тиімділігін жүзеге асырылып жатқан тіл саясаты мен тілдік жағдайға, әлемдік үрдістер мен тенденцияларға сәйкес бағалау.
ON7 Талдаудың, модельдеудің және ақпаратты генерациялаудың жалпы және арнайы әдістерін қолдана отырып, лингвистикалық сараптама жүргізу.
ON8 Күрделілігі мен жүйелілігі, тілдік дейгейі мен мәтіндік мәліметтеріне қарай тілдік корпустарды әзірлеу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Лингвистика және семиотика-5 ECTS
- Лингвистика метатілі-5 ECTS
- Рефлексивтік лингвистика-5 ECTS
- Прагмалингвистика-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Тіл теориясы-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Тілдің құрылымы мен жүйесі-5 ECTS
- Контрастивтік лингвистика және екінші тілді меңгеру-5 ECTS
- Лингвистикалық ілімдер-5 ECTS
- Лингвистика әдістері мен тәсілдері-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Компьютерлік лингвистика-5 ECTS
- Лингводидактика және мәтін адаптациясы-5 ECTS
- Лингвомәдениеттану-5 ECTS
- Мәдениаралық қарым-қатынас теориясы-5 ECTS
- Саяси лингвистика-5 ECTS
- Макроәлеуметтік лингвистика-5 ECTS
- Психолингвистика теориясы-5 ECTS
- Іскерлік қарым-қатынастың теориясы мен практикасы-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Кәсіби қызмет саласында мамандарды дайындауға келесі қызмет түрлері, мамандықтар, біліктілік деңгейлері жатады (қызмет түрлерін кәсіби стандарта сай жазу): лингвист, гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғалым-зерттеуші, ЖОО-ның, орта және арнаулы оқу ұйымдарының оқытушысы; аудармашы; әкімші, білім беруді басқарудағы маман, журналист, корректор, редактор, пиар-менджер; әлеуметтік жұмыскер, сот-лингвистикалық сараптамадағы сарапшы, спичрайтер, саяси технолог, сөйлеу мәдениеті және мәдениетаралық, іскерлік коммуникация бойынша жаттықтырушы, ісқағаздарын жүргізуші Бағдарлама түлектерінің болашақ жұмысқа орналасуы үшін негізгі жұмыс берушілер: 1. Қазақстан Республикасының ЖОО-лары, 2. шетелдік ЖОО-лар мен институттар, ғылыми-зерттеу институттары, 3. орта мектептер, гимназиялар, мамандандырылған лицейлер, НЗМ, 4. әкімдіктер, 5. аударма агенттіктері, 6. білім беру тілдік орталықтары, 7. ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Мәдениет министрлігі, , ҚР Сыртқы істер министрлігі, 8. ұлттық және жеке меншік телерадиокомпаниялар, 9. баспалар, 10. корректорлық агенттіктер және т.б. Білім беру бағдарламасы нақты жұмыс түрлері үшін өзекті болып табылады: 1. ғылыми-педагогикалық сала, 2. білім беруді басқару, 3.әкімшілік сала (акиматтар, БҒМ, ХҚКО және т.б.) 4.әлеуметтік (журналистика саласы, саяси технологиялар саласы, халықпен жұмыс және т.б.) П 5. аударма қызметі және т.б. Түлектердің 100%-ы жұмысқа орналасқан
Байланыс
Mекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1 корпусы, каб. 311 Телефон: +7(727) 377-33-39 (ішкі 12-70)