8D02305 Шетел филологиясы (шығыс тілдері)
Цель: ББ мақсаты – Шығыс тілі мен әдебиеті саласындағы жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
ББ мақсаты – Шығыс тілі мен әдебиеті саласындағы жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау.
Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін докторанттар келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі :
ON1) Шығыс филологиясы және аударма ісі саласындағы заманауи және дәстүрлі теориялық концепцияларға талдау жасау;
ON2) Заманауи теориялар мен талдау әдістеріне негізделе отырып, академиялық тұтастықпен сипатталатын жеке дара дербес ғылыми зерттеу жүргізу;
ON3) Шығыс филологиясының, аударма және аударматану концепциялар әдіснамасының теориялық қағидаттарын қолдана отырып, когнитивтік-категориялық аппаратпен еркін жұмыс істеу;
ON4) Теориялық позицияларды таңдау барысында компаративистиканың ғылыми теориялары мен ең жаңа бағыттарының концепцияларына қатысты білімді қолдану мақсатында оларды жүйелеу және интерпретациялау;
ON5) Мәтінмен, мәтіндік корпустармен жұмыс жасауда ЖИ және компьютерлік бағдарламаларды қолдану;
ON6) Шығыс филологиясының мәселелері бойынша зерттеу жүргізу барысында заманауи зерттеу жолдарын талдау және оларды зерттеу үдерісіне сай бейімдеу үшін пәнаралық білімдерді интеграциялау;
ON7) Сыни пайым елегінен өткізілген білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін қолдана отырып, жоғары оқу орындарында әдеби және лингвистикалық пәндер бойынша сабақ өткізу және аудиториядан тыс жұмыс жүргізу үшін оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеп жасау;
ON8) Шығыс филологиясы саласында және лингвистикалық корпус, сөздіктер дайындауда заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жаңалығы бар нәтижелерге жеткізетін ғылыми-зерттеу үдерісін ұйымдастыру және нәтижелерді ғылыми ортада апробациядан өткізу;
ON9) Көркем әдебиетті және медиамәтіндерді талдау жұмысында филологиялық зерттеудің заманауи әдістері мен тәсілдерін әдебиеттану, лингвистика және текстология саласындағы теориялық біліммен синтездеу;
ON10) Зерттелуші шығыс қауымдастықтарының ұлттық-мәдени бірегейлігінің трансляторы болу функциясы қамтылған бағдарламаларды модельдеу және жасау;
ON11) Шығыс филологиясы саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерге, парадигмаларға, теорияларға сай өз теориялық және қолданбалы зерттеулеріне, ғылыми өніміне, концепцияларына сыни тұрғыда баға беру;
ON12) Қоғамда сыпайы және толерантты өзара әрекеттесуге, ғылым проблемаларын шешу үшін әлеуметтік қарым-қатынас және ынтымақтастық орнатуға дайын болу.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Әдебиетті салыстырмалы оқыту-5 ECTS
- Әдеби сын және теория-5 ECTS
- Филологиядағы компьютерлік технологиялар-5 ECTS
- Корпустық лингвистика және лексикографиялық жұмыстардың автоматизациясы-5 ECTS
- Қазіргі лингвистикадағы макроәлеуметтік лингвистикалық зерттеулер-2 ECTS
- Тілдік ықпал және лингвопрагматика: бұқара тілі-3 ECTS
- Лингвистикалық доктриналар және лингвистика теориясы-2 ECTS
- Метасөздік және лингвистикалық терминология-3 ECTS
- Шығыс әдебиеттерінің локалды және жаһандық байланыстары-2 ECTS
- Заманауи шығыс әдебиетіндегі экзистенциалистік ой-қиял-3 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
- Қортынды аттестация-12 ECTS
Жұмысқа орналастыру
8D02301-Шетел филологиясы (шығыс тілдері) білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша PhD деңгейін бітіріп, ғылыми атағын қорғап шыққан Қытайтану кафедрасының түлектері сұранысқа ие және Стратегиялық зерттеулер орталығына, Шығыстану институтына, ғылыми-зерттеу орталықтарына сондай-ақ Жоғарғы оқу орындарында, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Кеден қызметіне, түрлі деңгейдегі Бұқаралық ақпарат құралдарына, мұражайлар мен мұрағаттарға, аударма агенттіктеріне жұмысқа тұра алады. Түлектер сонымен қатыр Қытайдың, Түркияның, Араб елдерінің, Кореяның, Жапонияның, Үндістанның, Пакистанның, Иранның түрлі компаниялары мен фирмаларында жұмыс істей алады.
Байланыс
Осы бағдарлама бойынша оқуға түсуге ниет білдірген талапкер төменде көрсетілген оқытушылармен байланысып, толық ақпарат ала алады. 1. Искакова Зәуре Ерновна, +7 777 801 13 08, zaure.india@mail.ru 2. Ахметбеова Ақбота Кәрібайқызы, +7 701 873 99 91, aaxbota@gmail.com
БББ бойынша құжаттар
23123123