7M02217 Шығыстану
Цель: Білім беру бағдарламасының мақсаты - ғылым және білім беру саласы үшін қазіргі заманғы шығыстанудың дамуы жайлы жан-жақты сыни көзқарасқа ие, жалпы және кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейін меңгерген мамандар дайындау. Бағдарлама Шығыс елдеріндегі қазіргі әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени ахуалға әдіснамалық, теориялық және практикалық тұрғыда талдау жүргізе алатын шығыстанушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Предметы на ЕНТ: Классикалық және қазіргі шығыстану и Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты - ғылым және білім беру саласы үшін қазіргі заманғы шығыстанудың дамуы жайлы жан-жақты сыни көзқарасқа ие, жалпы және кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейін меңгерген мамандар дайындау. Бағдарлама Шығыс елдеріндегі қазіргі әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени ахуалға әдіснамалық, теориялық және практикалық тұрғыда талдау жүргізе алатын шығыстанушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
1. өзекті ғылыми проблемаларды шешуде әртүрлі пәндік салалар бойынша сарапшылармен бірлесе отырып және тілдік білімді, басқа елдердің мәдениеті мен салт –дәстүрлері бойынша білімін пайдалана отырып халықаралық контекстегі өзара әрекет пен ынтымақтастықты дамыту;
2. талдау және сараптама жасау жұмыстарында тілдік дағдылары мен білімін пайдалану, кәсіби қызметіне байланысты тақырыптарға дикуссия жүргізу;
3. шығыстану пәндері бойынша білім беру қызметін (практикалық және семинар сабақтары бойынша) жоспарлау, ұйымдастыру және практикалық жүзеге асыру бағдарламаларын ұсыну;
4. кәсіби тұрғыда ары қарай даму үшін жаңа ақпараттық технологиялар мен ресурстарды, отандық және шетелдік ғылымның жетістіктері туралы материалдарды іздеу, сақтау және өңдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану;
5. Шығыс елдеріндегі дәстүрлі және қазіргі процестердің жаңа және бейтаныс контексінде ғылыми проблемалардың технологиялық шешімдерін табу;
6. алған білімін шығыстану ғылымының өзекті проблемалары бойынша өзіндік ғылыми зерттеуге айналдыру.
7. қоғамдық және саяси құбылыстардың өзара байланысына сыни тұрғыдан баға беру, Шығыс елдеріндегі әлеуметтік және экономикалық процестерге болжам жасау;
8. әлемдегі діни және мәдени жағдайды талдау барысында өзінің тұжырымдамасын құру үшін Шығыс туралы ғылымның пәнаралық контексінде филологиялық және тарихи материалды зерттеу әдістерін пайдалану;
9. оқитын Шығыс елінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи, қоғамдық қатынастар саласындағы өзекті мәселелері бойынша өз ұстанымын негіздеу;
10. шығыс тіліндегі жазба ескерткіштерді жазылған кезеңі, авторлары, жанры, тақырыптары бойынша жіктеу және әртүрлі жазба деректерді өзіндік талдау дағдысын көрсету;
11. кәсіби мазмұндағы мәтіндерді аннотациялау және шығыс тілінен қазақ/орыс тілдеріне аудару;
12.ЖОО-да оқу процесін жүзеге асыруда шығыстану пәндерін оқытудың дәстүрлі және инновациялық тәсілдері мен технологиясын қолдану;
13.Сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шет тіліндегі қарым-қатынас дағдыларын белсенді түрде жүзеге асыра отырып, ғылым тарихы мен философиясы, жоғары оқу орындарының педагогикасы, басқару психологиясы саласындағы іргелі және концептуалды білімді пайдаланады;
14.Шығыс елін жан-жақты зерттеу мәселелерін шеше білу және оның негізгі географиялық, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси ерекшеліктері туралы білімдерін педагогикалық қызметте пайдалану.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Шығыс елін түрлі контекстіде зерттеудің пәнаралық тәсілдері-5 ECTS
- Шығыс тіліндегі кәсіби шығармашылық практикум-5 ECTS
- Оқитын Шығыс елінің жазба және материалдық мәдениетінің ескерткіштері-5 ECTS
- Шығыс елінің дамуын зерттеудің әдістемесі-5 ECTS
- Академиялық мақсаттағы негізгі шығыс тілі-5 ECTS
- Оқитын шығыс елінің ақпараттық ресурстары-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Шығыс тіліндегі дәйекті эссе-5 ECTS
- Шығыс елдеріндегі дәстүршілдік пен модернизация-5 ECTS
- Шығыс өркениетінің құндылықтары және қазіргі Шығыс қоғамы-5 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Зерттеу-4 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Шығыс тілінде ғылыми мәтінді талдау мен құрастыру-5 ECTS
- Шығыс аймағындағы мәдени-тілдік байланыстар-5 ECTS
- Оқитын Шығыс елінің мәдениет және тіл саясаты-5 ECTS
- Оқитын шығыс тіліндегі қолжазбаларды зерттеу әдістері-5 ECTS
- Кросс-мәдени зерттеу теориялары (ағыл)-5 ECTS
- Шығыс елдерінің мәдениеті мен тұрмысын салыстырмалы зерттеу (ағыл)-5 ECTS
- Оқитын Шығыс еліндегі мемлекет мен билік генезисі-5 ECTS
- Шығыс елдеріндегі қазіргі заманғы саяси үдерістер-5 ECTS
- Шығыстағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларды талдау және болжау-5 ECTS
- Қазақстанның сыртқы саясатындағы оқитын Шығыс елі-5 ECTS
- Оқитын Шығыс еліндегі модернизациялық үдерістер-5 ECTS
- Оқитын Шығыс еліндегі бірегейлену үдерістері-5 ECTS
- Ғылыми мақсаттағы шығыс тілі-5 ECTS
- Шығыс тіліндегі ғылыми құжаттардың жанрлық ерекшеліктері-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
ББ бойынша кадрларды даярлау мынадай кәсіби қызмет салаларына жоспарланған: Бітірушілердің кәсіби қызметі білім беру саласында, халықаралық және аймақтық ақпараттық және аналитикалық қызметтер көрсету саласында, сыртқы саясат органдары саласында, халықаралық және аймақтық өзара ықпалдасу мен ынтымақтастық ұйымдарында, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласында, ғылыми-зерттеу саласында, идеология және мәдениет саласында жүзеге асады. 7М02217- Шығыстану білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша магистратура деңгейін бітірген Қытайтану кафедрасының түлектері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Кеден қызметіне, түрлі деңгейдегі Бұқаралық ақпарат құралдарына, мұражайлар мен мұрағаттарға, аударма агенттіктеріне, ғылыми-зерттеу орталықтарына сондай-ақ ЖОО-на жұмысқа тұра алады және сұранысқа ие. Түлектер сонымен бірге әртүрлі компаниялар мен фирмаларда жұмыс істей алады, мысалы: Алматы қаласындағы Қытай өнеркәсіп-сауда банкі, «Хуавей» компаниясы, «Sinooil» ЖШС, халықаралық «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясы және т.б. Сонымен қатар 8D02209-Шығыстану білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша докторантураға түсіп, оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар. Түрксой кафедрасының 7М02217-Шығыстану білім беру бағдарламасы (ББ) бойынша түлектері үлкен сұранысқа ие және ҚР СІМ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кеден қызметі, түрлі деңгейдегі БАҚ, мұражайлар мен мұрағаттар, аударма агенттіктері, "KZI Зират Банк" АҚ, "қаладағы халықаралық әуежай" АҚ-да жұмыс істей алады. ТҮРКСОЙ Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы, ТүркПА, Түркі мемлекеттері ұйымдары, түрік компаниялары, түрік медициналық орталықтары, зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындары, сондай-ақ 8D02209-Шығыстану білім беру бағдарламасы (ББ) бойынша докторантураға түсу арқылы оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Байланыс
Осы бағдарлама бойынша оқуға түсуге ниет білдірген талапкер төменде көрсетілген оқытушылармен байланысып, толық ақпарат ала алады. 1. Калиева Шынар Саяхатовна, +7 747 377 8076, shynar_kalieva@mail.ru 2. Арзықұлов Аманжол Азкеновия, +7 707 324 9130, Amanzhan.Arzykulov@gmail.com 3. Түргенбай Айнұр, +7 747 372 7583, ainur.turgenbay@gmail.com Түрксой кафедрасы 1. Жанатаева Кульжан, 87073737073, Kulzhan.Zhanataeva@kaznu.edu.kz 2. Теменова Гульзада Канатовна, 87079217801, Gulzada.Temenova@kaznu
БББ бойынша құжаттар
23123123