8D05104 Генетика
Цель: Генетика, молекулярлық биология және геномика бойынша сыни ойлайтын, терең білімді, оқытуға қабілетті және пәнаралық зерттеулерді өз бетінше жүргізе алатын, генетиканың, биологияның, медицинаның және ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларында қолдану үшін жаңа генетикалық технологиялар мен диагностикалық әдістерді әзірлеуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
Генетика, молекулярлық биология және геномика бойынша сыни ойлайтын, терең білімді, оқытуға қабілетті және пәнаралық зерттеулерді өз бетінше жүргізе алатын, генетиканың, биологияның, медицинаның және ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларында қолдану үшін жаңа генетикалық технологиялар мен диагностикалық әдістерді әзірлеуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
1. Организмнің тіршілік ету барысындағы және эволюция кезіндегі генетикалық ұйымдасу ерекшеліктерін және генетикалық ақпараттың жүзеге асу механизмдерін талдау;
2. Генетикалық және гендік инженерия мәселелерін шешуде генетикадағы озық идеялар мен жаңа әдістерінің дамуының негізгі тенденцияларын бағалау;
3. Биология, медицина, биотехнология және экология саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін жалпы және молекулалық генетикадағы озық технологияларға негізделген ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;
4. Ғылыми мәселенің жұмыс гипотезасын құру үшін генетикалық зерттеу нәтижелерін түсіндіре отырып, аналитикалық және клиникалық диагностикалық сенімділігі жоғары молекулярлық-генетикалық зерттеудің жаңа әдістерін енгізу;
5. Пәнаралық зерттеулерді дамыту және іске асыру үшін генетиканың, молекулалық биологияның және гендік инженерияның заманауи теориясы мен әдістемесінің негізгі қағидаларын жинақтау және тұжырымдау;
6. Ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстарды адамдарға және тірі организмдерге қатысты этикалық және құқықтық нормалар негізіне сүйеніп орындау;
7. Молекулалақ-генетикалық ғылыми-зерттеулер мен жобалардың, диссертация-лық жұмыстардың нәтижелерін оқу үрдісіне және өндірістік практикасына енгізу;
8. Биологиялық, медициналық және ауыл шаруашылығы орталықтары мен зертханаларындағы селекциялық, гендік және гендік инженерия қызметтерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
9. Күндізгі, дуальды, дистанциялық және инклюзивті оқыту мәселелерін шешу үшін студенттік-бағдарланған тәсілдерді негізге ала отырып, оқытудың интерактивтік әдістерін, формаларын, цифрлік технологияларын пайдаланып, пәндердің оқу-әдістемелік кешендері мен оқытудың теориялық және қолданбалы курстарын әзірлеу;
10. Халықаралық ынтымақтастық, пәнаралық және бизнес-инкубация жағдайында тәжірибелік және ұзақ мерзімді генетикалық зерттеулер алгоритмі негізінде алынған заманауи генетика ғылымы саласындағы кәсіби қабілеттерін қолдану арқылы ғылым мен қоғамның дамуына ықпал ету
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Генетиканы оқытудың инновациялық технологиялары-5 ECTS
- Биостатистикада бағдарламалау-5 ECTS
- Эукариоттардың сигналомикасы-5 ECTS
- Геномды өңдеу технологиялары-5 ECTS
- Молекулалық эволюция және филогенетика-5 ECTS
- Қолданбалы генетика және геномика-5 ECTS
- Ауылшаруашылық генетикасы-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Бітіру семинары-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
- Қортынды аттестация-12 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Келесі қызмет түрлері жұмыспен қамтуды қарастырады: • Ғылыми-өндірістік зерттеулер қызметі: далалық және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін өңдеу, биологиялық өндіріс процестеріне технологиялық бақылауды жүзеге асыру, генетика саласында базалық биологиялық және арнайы дайындықты талап ететін жобалық және өндірістік міндеттерді шешу. • Қолданбалы молекулалық диагностика, зертханалық іс-әрекеттер: зертханалық зерттеулерге материалдар алу, сапалы талдаулар жүргізу, талдаулар нәтижелері бойынша қорытынды жасау. • Сот-медициналық сараптама және медициналық-генетикалық кеңес беру: әкелікті анықтау, биоматериалдың жеке тұлғалығын анықтау (ДНҚ тестілері) және цитогенетикалық талдау жүргізу, талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасау. • Табиғи ортаның жағдайын биомониторинг және биологиялық бақылау, қоршаған ортаның мутагендік факторларын бағалау. • Педагогикалық қызмет: орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында жұмыс істеу. • Ұйымдастыру-басқару: ғылыми-өндірістік ұйымдарды ұйымдастыру және оларды басқару; ғылыми жобаларға жетекшілік ету, далалық және тәжірибелік зерттеулерді ұйымдастыру; генетика саласына заманауи инновацияларды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Академиялық ұтқырлық пен алыс және жақын шетелдердің университеттерінде және ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар.
Байланыс
Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Биология және биотехнология факультетінің ғимараты; 324, 328, 526 кабинеттер Тел: +727377-33-33 (вн. 12-06; 19-72; 19-37) e-mail: anna.lovinskaya@kaznu.edu.kz; zhazir16@gmail.com
БББ бойынша құжаттар
23123123