Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты - радиотехника, электроника және телекоммуникация саласында радиотехникалық құрылғылардың құрамындағы заманауи электрондық компоненттерді жобалауға, соңғы құрылғылар арасында қорғалған ақпаратты үздіксіз таратуға және қабылдауға арналған телекоммуникациялық желілерді модельдеуге және әзірлеуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
ON1 негізгі концепцияларды, шарттарды, теорияларды, ғылыми әдістерді талдау негізінде сандық электронды құрылғыларды құру және дайындау, эксперименттік және теориялық зерттеулерді ұйымдастыру, радиотехника, электроника және телекоммуникация саласында негізгі ғылыми және инженерлік мәселелерді шешу кезінде алынған нәтижелерді түсіндіру және меңгеру;
ON2 радиотехника, электроника және телекоммуникацияның заманауи ғылыми-техникалық мәселелерін шешуге арналған телекоммуникациялық желіні жобалау және құру, алға қойылған тапсырманы шешудің белгілі бір әдісін таңдаудың артықшылықтарын айқындау;
ON3 интеллектуалды ақылды жүйелердің архитектурасы мен желілсін жобалау және сынау, сондай-ақ наноқұрылымды шалаөткізгіштердің электрлік және оптикалық қасиеттерін, электрондық жүйелердегі синхрондалу құбылыстарын, интегралды тізбектердегі нейрондық желілерді, кеңжолақты радиотехникалық генераторларды, телекоммуникациялық жүйелердің маршрутизаторларының үлгілерін, «сигнал-шуыл» қатынасын анықтауда ақпараттық-энтропиялық әдісін және т.б. теориялық және эксперименттік зерттеу нәтижелерін бағалай білу;
ON4 стационарлық және мобильді робот жүйелерін, объектілерді тану жүйелерін, жасанды интеллект әдісі мен технологиясын, өзін-өзі танымдық интеллектуалды жүйені және нейрондық желіні пайдаланатын ұшқышсыз әуе кемелерін талдау және жоспарлау;
ON5 сигналдарды модуляциялау, детектрлеу, оптикалық күшейту және оптикалық сигналдарды қайта құру, ақпаратты қорғау және кодтауды қоса алғанда сандық сигналдарды өңдеу әдістерін таңдау және қолдану; сызықты сигналдарды кодтау әдістері; талшықты-оптикалық таратудың негізгі параметрлерін есептеу әдістері; оптикалық тарату жүйесі мен коммутацияларды дамытудың келешегі бар бағыттарын ескеру;
ON6 шуылы бар сигналдарды өңдеу, сандық сигналдарды талдауы бар компоненттік оптикалық базалы талшықты-оптикалық желі бойынша ақпаратты тарататын әртүрлі жүйелерін салыстыру;
ON7 сандық радиоэлектрондық және наноэлектрондық құрылғыларды жобалау және дайындау, сондай-ақ оларды тәжірибеге енгізу, алынған нәтижелерді жалпылау және түсіндіру;
ON8 радиотехникалық және ақпараттық жүйелерде, сымды және сымсыз желілерде орын алған процестерді моделдеу және бағдарламалау;
ON9 ғылыми құралдары бар заманауи сандыө әдістерді пайдалану арқылы радиотехника, электроника және телекоммуникация саласындағы қолданбалы зерттеулерді жүргізу;
ON10 радиотехникалық, телекоммуникациялық аппаратураларда, электрондық құрылғылар мен қондырғыларда алатын орны бар процестерді зерттеу нәтижелерін қорытындылау және жалпылау;
ON11 заманауи интеллектуалды жүйелерді дайындау, әртүрлі типтегі телекоммуникациялық сигналдарды сандық өңдеудің әртүрлі әдістерін қолдануды таңдауын салыстыру және анықтау;
ON12 ғылыми-зерттеу және қолданбалы салада мәселелерді, мақсаттарды, міндеттерді тұжырымдау; оларды дербес шешу, орындалған жұмыстың нәтижелері бойынша қорытынды жасау және оларды түсінгдіру, шетелдік ғылыми-техникалық әдебиеттермен жұмыс жасау, кәсіби қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу; командада жұмыс істей білу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта мамандық бойынша негізгі жұмыс берушілер жұмысқа орналастыру үшін
«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» бұл:
1. Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары және басқа да оқу орындары;
2. ALSI (Ұлттық радиоэлектроника және байланыс орталығы);
3. LogiCom (Ұлттық радиоэлектроника және байланыс орталығы);
4. «SAMSUNG Electronics» ұлттық ғылыми-техникалық орталықтары;
5. Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігі;
6. LG (өнеркәсіп орталығы);
7. Қазақтелеком (телекоммуникация компаниясы);
8. «Гранит» ЖШС (өнеркәсіп орталығы);
9. Нұрсат (телекоммуникация операторы. Цифрлық байланыс, Интернетке қол жеткізу және деректерді беру қызметтері);
10. «Алатау» индустриалды паркі;
11. Astel (Телекоммуникация операторы. Сандық байланыс, Интернетке қол жеткізу және деректерді беру қызметтері);
12. Ducat (Телекоммуникация операторы. Цифрлық байланыс, Интернетке қол жеткізу және деректерді беру қызметтері);
13. K-Cell (Телекоммуникация операторы. Сандық байланыс, Интернетке қол жеткізу және деректерді беру қызметтері);
14. «ҚазАқпараттелеком» (телекоммуникация қызметі).
15. KazNetCom
Байланыс
БББ координаторы: Налибаев Еркебулан Дюсенбекович-87774920110