8D05303 Техникалық физика
Цель: Ғылым, білім және өнеркәсіп үшін салалық ғылымның тереңдетілген әдістемелік және теориялық негіздерін білетін, өзінің кәсіби қызметінің саласында қолданбалы міндеттерді шешу үшін жұмыс тобының басқарушысы мен сарапшы дағдыларын меңгерген және инновациялық технологияларды әзірлеу мен енгізуге бағдарланған; сәйкес кәсіби біліммен және тәжірибелік дағдылармен, техникалық физиканың таңдалмалы саласында теориялық және экспреименталды зерттеулерге қабілетті және дайын еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын физика-техникалық бейіннің жоғары білікті ғылыми, ғылыми –педагогикалық және инженерлік кадрларын дайындау.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
Ғылым, білім және өнеркәсіп үшін салалық ғылымның тереңдетілген әдістемелік және теориялық негіздерін білетін, өзінің кәсіби қызметінің саласында қолданбалы міндеттерді шешу үшін жұмыс тобының басқарушысы мен сарапшы дағдыларын меңгерген және инновациялық технологияларды әзірлеу мен енгізуге бағдарланған; сәйкес кәсіби біліммен және тәжірибелік дағдылармен, техникалық физиканың таңдалмалы саласында теориялық және экспреименталды зерттеулерге қабілетті және дайын еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын физика-техникалық бейіннің жоғары білікті ғылыми, ғылыми –педагогикалық және инженерлік кадрларын дайындау.
ON1 есептеу эксперименттерін жүргізу үшін мәселелі-бағдарланған бағдарламалар кешені түрінде тиімді сандық әдістер мен алгоритмдерді жүзеге асыру, математикалық модельдеу мен есептеу экспериментінің заманауи технологияларын қолданып ғылыми және техникалық мәселелерді кешенді зерттеуді жүргізу;
ON2 ғылыми-техникалық есептер құрастыру, берілген тақырып бойынша шолу жасау, орындалған зерттеу нәтижелері бойынша мақала дайындау, ғылыми-зерттеу нәтижелерін нарықтық экономика қызметінде қолдану және интеллектуалды меншік объектілеріне құқықты пайдалану;
ON3 эксперименталды мәліметтер мен технологиялық процестерді сандық модельдеу әдістерін өңдеудің заманауи әдістерін пайдалану;
ON4 құрылғылар мен аспаптарды жобалаған кезде автоматтандыру құралдарын, әзірленетін конструкциялардың техникалық тапсырмаларға, стандарттарға, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормаларына, өндірістің үнемді технологияларына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті бұйымдардың алдыңғы қатарлы тәжірибесін пайдалану;
ON5 заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып қолданбалы міндеттерді шешу, мәліметтер мен білім құрылымын, қолданбалы және ақпараттық процестерді модельдеу және жобалау, концептуалды, логикалық, математикалық және алгоритмдік деңгейде қолданбалы саланы талдау әдістерін қолдану;
ON6 қолданбалы міндеттердің шешімдерін қалыптастыруда жүйелі тәсіл мен математикалық әдістерді қолдану, ғылыми және кәсіби қызмет үшін ғылыми әдебиет пен электронды ақпараттық-оқыту ресурстарына шолу дайындау, басқарушылық шешімдерді қабылдауды интеллектуалды қолдау әдістері мен алгоритмдерін әзірлеу;
ON7 заманауи теория мен талдау әдістерінің негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын ғылыми зерттеулерді өздігімен жүргізу, заманауи зерттеу әдістемесін таңдау және тиімді пайдалану;
ON8 әзірленетін конструкциялардың техникалық тапсырмаларға, ГОСТтарға, техникалық қауіпсіздік нормаларына, өндірістің үнемді технология талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, күрделі конструкцияларға техникалық жобаларды әзірлеу, сонымен бірге оларда стандартталған және біріздендірілген тетіктер мен түйіндерді пайдалану;
ON9 әр түрлі ғылыми теориялар мен идеяларды сыни талдау, бағалау және салыстыру, ғылыми зерттеу процестерін жоспарлау, байланыстыру және жүзеге асыру, зерттеу саласын жүйелі түсіну және таңдалған ғылыми әдістердің сапалылығы мен нәтижелілігін көрсету дағдыларын меңгеру;
ON10 басқарушылық шешімдердің ұсынылған нұсқаларын сыни бағалау, әлеуметтік-экономикалық тиімділік критерилерін, қатерлер мен мүмкін болатын әлеуметтік-экономикалық салдарларын ескере отырып оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және негіздеу;
ON11 ғылыми шараларға, іргелі ғылыми отандық және халықаралық жобаларға қатысу, заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдаланып патенттерді және ғылыми ақпаратты жіберу тәжірибелерін іздеуді жүргізу.
ON12 білім беру ұйымдарының оқу процестерін жүзеге асыруға қатысу және білім беру бағдарламасының аясында ғылыми-зерттеу қызметінің мәліметтерінің негізінде оқу процестері үшін оқу-әдістемелік материалдарын қалыптастыру.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Жылумасса тасымалының өзекті мәселелері-5 ECTS
- Конвективті жылу алмасу теориясының таңдаулы сауалдары-5 ECTS
- Жану камераларындағы жылумасса тасымалының аэродинамикалық және жылуфизикалық сипаттамаларын зерттеу-5 ECTS
- Жану камераларында сұйық отынның жануын есептеудегі турбуленттіліктің статистикалық моделі-5 ECTS
- Конвективті жылумасса тасымалы процестерін екіөлшемді модельдеу-5 ECTS
- Техникалық есептерді компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Бітіру семинары-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
- Қортынды аттестация-12 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер: 1.Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты; 2. Жану проблемаларының институты; 3. "Теңіз Мұнайфтестрой" АҚ; 4. "Волковгеология" АҚ; 5. "Газпромнефть" ЖШС; 6. "ҚазТрансГаз" АҚ, 7. "Самұрық-Қазына" АҚ, 8. "Green Energy"ЖШС, 9. "Innovative technology company" ЖШС; 10. "Самұрық-Энерго" АҚ; 11. "KEGOC"АҚ; 12. "Сайман" Корпорациясы; 13. "Алматы электромеханикалық зауыты"ЖШС,; 14. "Плазматехника R & D" ЖШС; 15. ЖЭС-1 "Алматы электр желілері"АҚ; 16. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК "АҚ" Білім беру бағдарламасы Жұмыспен қамтудың нақты саласы үшін ғылыми–зерттеу, ғылыми-өндірістік, жобалау–конструкторлық ұйымдар, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар, орталықтар мен жоғары оқу орындары үшін өзекті болып табылады
Байланыс
Болегенова Салтанат Алихановна Алматы, 050040, аль-Фараби, 71. Физика-техникалық факультеті, 317. Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы тел:15-43.+7 701 386 9755
БББ бойынша құжаттар
23123123