Білім беру бағдарламасы
Жоғарғы оқу орындарындағы білім беру саласына, ядролық физика саласындағы отандық және шетелдік ғылыми орталықтарға жоғары білікті мамандарды даярлау.
Бағдарлама кәсіби тұлғаның келесі қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған:
- заманауи жетістіктерді сыни талдау және бағалау, ғылыми және практикалық мәселелерді шешуде, оның ішінде пәнаралық бағыттарда жаңа идеяларды қалыптастыру;
- ғылыми және ғылыми-білім беру міндеттерін шешу үшін қазақстандық және шетелдік ғылыми топтардың жұмысына қатысу;
- мемлекеттік және шет тілдеріндегі ғылыми қоғамның заманауи әдістері мен технологияларын қолдану;
- өздерінің кәсіби және жеке даму мәселелерін жоспарлау және шешу;
- заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ядролық физика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асыру;
- өздігінен атом ядроларының құрылымы мен қасиеттерін, ядролық реакцияларды, ядролардың орташа аралық және жоғары энергиялардағы элементар бөлшектер сәулелерімен өзара әрекеттесуін, сондай-ақ астрофизикалық құбылыстардағы ядролық өзара әрекеттесудің рөлін анықтауға арналған теориялық модельдерді дербес әзірлеу;
- өздігінен немесе зерттеу тобының құрамында бөліну және ядролық синтезделу физикасын атап айтқанда, өте ауыр элементтердің синтезін, сонымен қатар атомаралық және молекулааралық физиканы және мюон катализі физикасын зерттеудің тәжірибелік әдістерін әзірлеу;
- өздігінен немесе зерттеу тобының құрамында, ядролық және ғарыштық сәулелер физикасында зерттеуге арналған жаңа тәжірибелік қондырғылар мен жабдықтарды құрастыру және жасау;
ON1 Жылдық және күнтізбелік жоспарларды әзірлеу; оқу жоспарына сәйкес жалпы физика пәні бойынша зертханалық жұмыстарды жоспарлау және жүргізу; оқыту мен білім беру нәтижелерін бақылауды ұйымдастыру; когнитивтік есептер жүйесін дамыту;
ON2 Заманауи компьютерлік технологияларды, интерактивті оқыту әдістерін және интернет ресурстарын пайдаланатын орта және арнайы оқу орындарында физиканы оқытудың кәсіби-практикалық қабілетін және дағдыларын қалыптастыру;
ON3 Техникалық және технологиялық есептерді шешу үшін радиометрикалық және спектрометриялық құралдардың техникалық құжаттамасымен және түпнұсқа ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып, ядролық физика саласында өлшеулер жүргізу;
ON4 Радиациялық медицина рәсімдерінің қабылданған әдістеріне сәйкес дозиметрлік өлшеулерді жоспарлау және радиациялық және экологиялық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету;
ON5 стандартты автоматтандырылған жобалау және зерттеу пакеттерінің негізінде физикалық құбылыстар мен процестердің математикалық модельдерін жасау;
ON6 радиацияның негізгі санитарлы-эпидемиологиялық нормаларын қызметкерлер мен жұртшылық үшін қолдана білу. Ашық атмосферада және ортаның альфа, бета және гамма нұрлардың фонын тәжірибелік мәнін анықтау
ON7 "Ыстық" зертхананың жұмыс үй-жайларының және ПЭТ әдісімен зерттеуге арналған циклотроны бар зерттеу орталықтарының, гамма - камералары, ОФЭКТ-және ПЭТ - сканерлері бар үй-жайлардың, оның ішінде ОФЭКТ/КТ-және ПЭТ/КТ-сканерлері бар үй-жайлардың, сондай-ақ радионуклидті терапия бөлімшесінде "белсенді" палаталардың радиациялық қорғанысын есептеу.
ON8 Космофизика, астрофизика, радиоэкология, ядролық диагностика және терапия, радиациялық генетика іргелі процестер үшін ядролық реакциялар және ядролық ыдырау есептеулерін жүзеге асыру;
ON9 Әдістемелік тақырыптық оқу бағдарламасын құрастыру және бекітілген оқу-әдістемелік материалдарға сәйкес физиканың теориялық және тәжірибелік бөлімдерін ашық түрде жариялау;
ON10 Оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру,белсенділігі мен бастамасын, тәуелсіздігін және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
ON11 ядролық физика, жалпы физика, ядролық химия, радиациялық биофизика және экология заңдарының пәнаралық практикалық қолданылуын көрсете білу;
ON12 тиімді қарым-қатынас жасау, көпсалалы топтарда жұмыс істей білу. Шет тіліндегі ауызша және жазбаша түрдегі қарым-қатынасқа дайын болу.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Әлем эволюциясының астрофизикалық және ядролық аспектілері-5 ECTS
- Жоғары энергиялардың заманауи физикасы-5 ECTS
- Энергетикалық процестердің физикасы-5 ECTS
- Ядролық реакторлар мен кұрылғылардың физикалық теориясы-5 ECTS
- Евклидті емес кеңістіктегі ядролық физика-5 ECTS
- Элементар бөлшектер және симметриялар-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Бітіру семинары-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
- Қортынды аттестация-12 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін мамандық бойынша негізгі жұмыс берушілер болып табылады:
1. ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» РМК;
2. ҚР ҰЯО: филиалдары "Атом энергиясы институты", "Радиациялық қауіпсіздік және экология институты", "Қазақ мемлекеттік жарылыс жұмыстары ғылыми-өндірістік орталығы"
3. «Физика-техникалық институты» ЖШС
4. АҚ «ҰҒЗТО» ҚР ҰҒА В.Г. Фесенковатындағы астрофизика институты (АФИ)
5. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ
6. «Жоғары технологиялар институты» ЖШС
7. "ИЗОТОП ғылыми өндірістік бірлестігі" ЖШС
8. «СОЛО ЛТД» ЖШС
9. АҚ «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты»
10. «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС
11. «Orhun Medical» медициналық орталығы
12. «Инкай» БӨ ЖШС
13. КЕАҚ«әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» Ашық үлгідегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана;
14. КЕАҚ«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» Эксперименттік-теориялық физиканың ғылыми-зерттеу ғылыми-зерттеу факультеті (НИИ ЭТФ);
15. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті
16. Біріккен ядролық зерттеулер институты, Дубна қ. (Мәскеу, Ресей)
17. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің (ЖЖОКБҰ)білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдары
Байланыс
Жаугашева С.А., БББ координаторы.
Алматы, 050040, аль-Фараби, 71.
Физика-техникалық факультеті, 315.
Теориялық және ядролық физика кафедрасы
Тел:+77079851098
Ж.т.: 8 (727)377 34 14.
БББ бойынша құжаттар
23123123