Білім беру бағдарламасы
Жоғарғы оқу орнындағы білім беру үдерісін классикалық және инновациялық оқыту әдістеріне негізделген топ менеджердің және сарапшының тиісті кәсіби білімі мен практикалық дағдылары бар дамыту бойынша бәсекеге қабілетті; кәсіптік қызметінде жаңа инновациялық технологияларды әзірлеуге және енгізуге бағытталған ғылыми зерттеулерді дербес жүзеге асыра алатын; еңбек нарығының стандарттау және сертификаттау саласындағы теориялық, эксперименталды, басқарушылық зерттеулерге қабілетті және дайын еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын мамандарды даярлау.
ON1 мақсаттарды қалыптастыру, міндеттерді анықтау, өнімдер мен қызметтер сапасын бақылау саласында әдеби, патенттік, ғылыми-техникалық және басқа да ақпарат көздерін тереңдетіп зерттеу және іріктеу негізінде зерттеу құралдарын қолдану;
ON2 ғылыми диссертациялық жұмыс тақырыбына сәйкес зерттеу объектілерін бақылау және жетілдіру үшін математикалық үлгілерді әзірлеу, сандық модельдеу әдістерін қолдана білу немесе ғылыми және эмпирикалық мәліметтерге негізделген мәселелерді шешудің жаңа алгоритмін құру;
ON3 эксперименттік зерттеулер мен бақылау бағдарламаларын әзірлеу және қолдану, тәжірибелік жабдықтарды қолдану арқылы қазіргі заманғы техникалық бақылау құралдарына негізделген өлшемдерді жоғары сапада жүргізу;
ON4 қолданбалы ғылыми зерттеулердің міндеттерін шешуге арналған жүйелі амалдар мен математикалық әдістерді таңдау, ғылыми және кәсіби қызметтің ғылыми әдебиеті мен электронды ақпараттық-білім беру ресурстарының үлгілерін дайындау; кəсіпорындарда энергетикалық менеджменттің басқару шешімдерін қабылдау үшін интеллектуалды қолдау алгоритмдерін және əдістерін əзірлеу;
ON5 объектілерді және экологиялық құбылыстарды модельдеудің математикалық әдістерін қолдану; қондырғылар мен аспаптардың сипаттамаларын және оңтайлы жұмыс режимдерін зерттеудің жоғары сапалы және шамалас аналитикалық әдістерін әзірлеу; цифрлы технологияларды қолданумен тиімді есептеу әдістерін негіздеу және тексеру;
ON6 эксперименталды деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолданып, индустрия объектілерін физико-техникалық бағалау әдістерін әзірлеу, бірыңғай технологиялық құжаттама жүйесі (БТҚЖ) және Бірыңғай құрастырымдық құжаттама жүйесі (БҚҚЖ) сәйкес күрделі дифференциалдық деңгейдің ғылыми-техникалық құжаттамаларын қолдану, эксперименталды және теориялық зерттеу нәтижелерін құжаттауды жүзеге асыру;
ON7 өнеркәсіптік өндірістегі қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жүйесіндегі қоршаған ортадағы зиянды (ластаушы) заттардың қалдықтарын отандық және халықаралық деңгейдегі экологиялық заңнамаға сәйкес қатаң түрде айқындау, олардың кәсіби қызметінде энергияны үнемдеу және энергия тиімді технологиялардың сапасын бақылауды жүргізу үшін әдістер әзірлеу;
ON8 ҚР БжҒМ ғылыми-зерттеу жұмыстарын мақсатты қаржыландыру және гранттық бағдарламалардың іргелі ғылыми отандық және халықаралық жобаларына қатысу және пәнаралық білімдерді біріктіру;
ON9 диссертациялық зерттеудің ғылыми-техникалық нәтижелерін KKСOН ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына қажетті тілде ұсынылған мерзімді басылымдар түрінде жариялау арқылы мақала ретінде ұсыну, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын пайдалану;
ON10 қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қолданбалы міндеттерді жобалау және шешу, мәліметтерді және білім құрылымдарын модельдеу және жобалау, олардың қолданылуының экологиялық және экономикалық аспектілерін ескере отырып, құрылғылар мен қондырғыларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін тұжырымдамалық, логикалық, тиісті салаларда математикалық және алгоритмдік деңгейде қолданбалы талдамалық талдау әдістерін қолдану;
ON11 ИСО 9000, 14000, 22000 сериялы және т.б. халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес оқу пәнінің қазіргі жағдайының мәселелерін кәсіби және кешенді талдауды жүзеге асыру, теориялық және қолданбалы міндеттерді тұжырымдауды және шешуді баға беру;
ON12 қазіргі заманғы теориялар мен талдау әдістеріне негізделген академиялық тұтастықпен сипатталатын тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізу, қазіргі заманғы зерттеу әдістерін таңдауға және тиімді пайдалану; әртүрлі ғылыми теориялар мен идеяларды сыни талдау, бағалау және салыстыру дағдыларын меңгеру, зерттеу үрдісін жоспарлау, үйлестіру және жүзеге асыру, оқу саласын жүйелі түрде түсіну; тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрдегі қарым-қатынас жасауға; өмір бойы жеке білім беру траекториясын құру, толық әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын ұстану.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер болып табылады:
1. ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті;
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС;
3. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ («ҰССО» АҚ);
4. «Қазақстан метрология институты» РМК;
5. «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК, «Қазэкспоаудит» ЖШС;
6. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті;
7. «Қазтрансойл» АҚ;
8. «Бюро Веритас Казахстан Индастриал Сервисез» ЖШС;
9. Ф ОПС «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС;
10. «Азияның метрологиялық орталығы» ЖШС;
11. Адам ресурстарын басқару және еңбекақы төлеу департаменті, Нұр-сұлтан қ.
Білім беру бағдарламасы нақты жұмыспен қамту саласы үшін Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттары, университеттері және басқа да оқу орындары, сондай-ақ келесі ұйымдар үшін өзекті болып табылады:
1. «Өнім сапасын сынау орталығы» ЖШС;
2. «Волковгеология» АҚ;
3. «Ел-Стандарт» ЖШС;
4. «Алматы сертификаттау бюросы» ЖШС;
5. ОПС СМ «QS Azia Sertik» ЖШС;
6. «Alem sapa Trade» ЖШС;
7. «Средазэнергомонтаж "ЖШС»;
8. «Astana solar» ЖШС;
9. «Samruk-Green Energy» ЖШС;
10. «Energy Management» ЖШС;
11. «Энергопоток» ЖШС ;
12. «АлмаЗИТ» ЖШС;
13. «Фудмастер» ЖШС;
14. «Кадет-Строй» ЖШС;
15. «CaspainBeverageHolding» АҚ;
16. «InterCert» сертификаттау орталығы» ЖШС;
17. Алматы ЖЭО-2 және т.б.;
18. Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг, Ақсай қаласы; 19 «Батысэкопроект» ҒЗИ ЖШС, Ақтөбе қаласы.
Байланыс
Болегенова Салтанат Алихановна
Алматы, 050040, аль-Фараби, 71.
Физика-техникалық факультеті, 317.
Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы
тел:+7 701 386 9755. 15-43.