8D04111 Маркетинг
Цель: ББ мақсаты заманауи маркетингтік теория мен тәжірибе талаптарын ескере отырып, ақпараттық және сандық технологияларды, инновациялық және интеграциялық бастаманы пайдалану көмегімен жаңа іргелі және қолданбалы білімді құру негізінде ғылыми-зерттеу, сараптамалық, басқарушылық және педагогикалық қызметті табысты жүзеге асыра алатын отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті маркетолог, зияткерлік және кәсіби элитаны сапалы дайындау болып табылады.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
ББ мақсаты заманауи маркетингтік теория мен тәжірибе талаптарын ескере отырып, ақпараттық және сандық технологияларды, инновациялық және интеграциялық бастаманы пайдалану көмегімен жаңа іргелі және қолданбалы білімді құру негізінде ғылыми-зерттеу, сараптамалық, басқарушылық және педагогикалық қызметті табысты жүзеге асыра алатын отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті маркетолог, зияткерлік және кәсіби элитаны сапалы дайындау болып табылады.ОН1. Маркетингтің іргелі және қолданбалы мектебінің ғылыми әлеуетін арттыруға өз үлесін құру мақсатында зерттеу нәтижелерін, қазіргі заманғы әдіснаманы, олардың даму тенденцияларын пайдалану негізінде маркетинг саласындағы ғылыми теорияларды, оқуларды және идеяларды бағалау және синтездеу;
OН2. Маркетингтік саланың теориясы мен тәжірибесінің стандарттарына сәйкес отандық және халықаралық нарықтағы брендтердің беделі мен танымалдығын, әлеуеті мен нарықтың үлесін, бәсекелік ортасын, тұтынушылардың мінез-құлқын, оларға дербестендірілген тәсілді бағалаудың стратегиялық құралдарын пайдалана отырып, маркетингтің қазіргі заманғы талдамалық жүйесін қалыптастыру (логикалық тізбектерді құру, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, факт-чекинг, ақпараттың үлкен массивтерін талдау);
OН3. Маркетингтік қызметтің тиімділігін арттыру және инновациялық, бәсекеге қабілетті даму бағыттарына проекция жасау мақсатында жүйелі талдау, смарт-технологиялар мен бәсекелестердің стратегиялық топтарын бағалау негізінде нарықтың, саланың, ұйымның даму тұжырымдамалары мен саясатын құру;
OН4. Маркетинг нәтижелілігіне қол жеткізуде смарт-қызмет әдістемесін, сондай-ақ ұйымның дерекқорына интеграциялау үшін коммуникациялық қызметтің сандық талдау құралдарын пайдалана отырып, тиімді басқару жүйесін құру негізінде аяқталған жобалардың техникалық-экономикалық, қаржылық негізделуін, сараптамасын және коммерцияландырылуын жүзеге асыру;
OН5. Сараптамалық-жобалық талдау негізінде сыртқы экономикалық қызметтің әлеуетін кеңейтуге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, кәсіпорынның жұмыс істеуінің -макро, -микро орталарын жақсартуға, клиенттерге дербестендірілген, шығармашылық қарым-қатынасқа бағытталған әр түрлі деңгейдегі брендтер бойынша өткізу нарығын ұлғайтуға ықпал ететін корпоративтік, функционалдық және құралдық басқару деңгейлерінің баламалы маркетингтік стратегиялар портфелін құру;
OН6 Инновациялық өнімдердің, технологиялар мен жобалардың құқықтық қорғау мәселелерін шеше отырып, технологиялық, дербестендірілген брендтер бойынша бірегей идеяларды генерациялау және оларды байқаудан өткізу, трансферлеу, енгізу және тарату консорциумдарын қалыптастыру негізінде кәсіпорынның инновациялық қызмет үрдісін басқаруға қатысты стратегиялық жүйесін құру;
OН7. Креативті маркетингтік стратегияларды әзірлеу және іске асыру, креативті шешімдердің тиімділігін және олардың бренд пен аудиторияға әсерін сыни бағалау, компанияның күнделікті маркетингтік қызметіне креативті әдістер мен тәсілдерді ықпалдастыру, маркетинг міндеттерін шешу және брендтің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін креативті тәсілдерді қолдану.
OН8. SMART (Specific, Measurable, Achievable, Relevant, Time-bound) қағидаттарына сәйкес келетін маркетингтік мақсаттарды қалыптастыру, маркетингтік науқандарды жоспарлау және бағалау үшін SMART-қағидаттарды қолдану, маркетингтік стратегияларды (әлеуметтік желілер, контексттік жарнама, SEO, email-маркетинг және т.б.) іске асыру үшін заманауи цифрлық құралдар мен платформаларды пайдалану.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Нарықты бәсекелік бағалау және бәсекеге қабілеттілікті басқару-5 ECTS
- Маркетингтік жобаларды басқару-5 ECTS
- Маркетинг ғылымының әдіснамасы-5 ECTS
- Маркетингті стратегиялық басқару-5 ECTS
- Салалық қызметті маркетингтік талдау-5 ECTS
- Креативті маркетинг-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық-10 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Бітіру семинары-6 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Бітіру семинары-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
- Қортынды аттестация-12 ECTS
Жұмысқа орналастыру
8D04111 – Маркетинг білім беру бағдарламасының мақсаты – отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті маркетологтарды, зияткерлік және кәсіби элитаны, ғылыми-зерттеу, сараптамалық, басқарушылық және педагогикалық қызметті табысты жүзеге асыруға қабілетті жоғары сапалы дайындау. жаңа іргелі және қолданбалы білімді құру, заманауи маркетинг теориясы мен тәжірибесінің талаптарын ескере отырып, инновациялық және интеграциялық бастаманы, ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдалану. «Маркетинг» мамандығының түлектері фирмаларда, корпорациялар және ұлттық компанияларда маркетолог қызметін атқара алады. Маркетинг мамандары өндірістік, сауда және консалтингтік фирмаларда, жарнама және маркетинг агенттіктерінде жұмыс істейді.
Байланыс
Кажмуратова А.К. Ұялы тел..:87076370584 Aigerim_k71@mail.ru
БББ бойынша құжаттар
23123123