Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасы метеорология саласында іргелі теориялық білімі мен практикалық икемі бар жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
ON1. жаратылыстану ғылымдарының, физика және математиканың негізгі ережелерін, заңдары мен әдістерін білу негізінде табиғат пен қоғамның дамуы мен қызметінің негізгі заңдылықтарын сипаттау; атмосферада өтетін негізгі физикалық процестердің табиғатын түсіндіру
ON2. сандық технологиялар, кәсіби терминология, кодтар мен нормативті құжаттарды қолдана отырып, метеорологиялық өлшеулер мен бақылаулардың барлық түрлерін тиімді көрсету, ұйымдастыру
ON3. тиімді метеорологиялық бақылау желісін құру; қажетті гидрометеорологиялық ақпаратты жинау және оған талдау жүргізу; арнайы метеорологиялық бақылауды ұйымдастыру; метеоақпаратты ұсынудың әртүрлі тәсілдерін практикада қолдану
ON4. бұлттар мен жауын-шашынның пайда болуының физикалық процестерін түсіндіру және сипаттау; оларды морфологиялық және генетикалық белгілері бойынша жүйелеу; атмосферада түрлі оптикалық және электрлік құбылыстардың пайда болу табиғатын түсіндіру
ON5. ауа райы болжамдарын құрастыру кезінде қолданылатын сапалы және репрезентативті аэрологиялық, радиометеорологиялық және жерсеріктік мәліметтерді алу үшін заманауи және перспективті атмосфералық зондылау әдістерін қолдану
ON6. ауа-райы карталарын, барикалық топография карталарын, аэрологиялық диаграммаларды өңдеу және талдау жүргізу; ауа-райы болжамын жасау үшін атмосфералық процестер мен ауа-райы жағдайларының даму ерекшеліктерін анықтау
ON7. атмосфераның жалпы және мезо ауқымды айналымы үлгілерімен жұмыс және ауа райы болжамдары үшін олардың нәтижелерін түсіндіру
ON8. әртүрлі күнбұрындылық жағдайына байланысты ауа райы болжамдарын, кәсіби метеорологиялық болжамдарды құрастыру, қауіпті және стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуы туралы ескертулер мен оларды тұтынушыға дейін жеткізу
ON9. экономиканың түрлі салалары үшін қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарды бағалау, олардың пайда болу себептерін түсіндіру және болжам құрастыру
ON10. климаттың негізгі сипаттамаларын есептеу; климаттың өзгеру үрдістерін диагностикалау және талдау; климаттық жағдайларға жыл сайынғы шолу жасау; ДМҰ бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, климаттың мониторингінің ұлттық өнімін ұсыну
ON11. қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін метеорологиялық факторларды бағалау және әуе бассейнін қорғау мақсатында оларды есепке алу бойынша әзірленген ұсынымдарды практикада қолдану; нақты уақыттағы атмосфераның жай-күйіне мониторингті, оның ішінде радиолокациялық және спутниктік бақылауларды пайдалана отырып ұйымдастыру
ON12. метеорологияның заманауи ахуалы мен тенденцияларына аналитикалық шолу құрастыру; республикалық және халықаралық заңнама нормаларын сақтай отырып, құқықтық, экологиялық және кәсіпкерлік саладағы қызметті жүзеге асыру; жеке тұлғалық мақсаттар мен мотивтерді ескере отырып және ары қарайғы кәсіби өсу үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну, топпен жұмыс жасау
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Кафедра әлемдік стандарттарға сай келетін, Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы зияткерлік талаптары мен даму стратегиясына сәйкес келетін бәсекеге қабілетті метеоролог мамандардың кадрлық әлеуетін қалыптастырады. Нәтижесінде ҚазҰУ түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы 64% асады.
Түлектердің болашақта жұмысқа орналасуы үшін негізгі жұмыс берушілер:
1) «Қазгидромет» РМК,
2) «Қазаэронавигация» РМК, Қазақстан әуежайларында
3) «География және су қауіпсіздігі институты»;
4) Қарулы Күштердiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскери әуежайларындағы әскери синоптик, атағы бар.
5) Қазақстанның жетекші университеттері мен ғылыми институттары;
Сондай-ақ түлектер БҰҰ Даму бағдарламасының халықаралық ұйымдарында, Дүниежүзілік банкте, БҰҰ, ЮНЕСКО, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымда, климат пен ауа райының спутниктік мониторингімен байланысты ұйымдарда, сондай-ақ теледидарда жұмыс істей алады.
Маман метеорологтар метеорологтар, синоптиктер, агрометеорологтар, ауаның ластануы бойынша мамандар, қашықтықтан зондтау мамандары (спутниктік мониторинг) және ауа райы мен климатқа байланысты мамандықтардың кең ауқымы ретінде жұмыс істей алады.
Байланыс
Кафедра мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, ГУК-6 корпусы, 229, 231 каб.
Кафедра телефоны: +7 (727) 377-33-30 (16-01, 12-25)
Полякова Светлана Евгеньевна
e-mail: svetlana.polyakova@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123