Білім беру бағдарламасы
7M01505 География мамандығы бойынша білім берудің негізгі мақсаты:
- Қазіргі білім беру саласына сәйкес магистранттардың жеке қасиеттерін дамыту, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, оларды еліміздің қазіргі заманғы талаптары мен заңнамасына сәйкес практикалық қызметте іске асыру дағдыларын дамыта отырып жоғары білікті педагогтерді даярлау.
1. Терең теориялық білім физикалық, экономикалық, әлеуметтік, саяси география және қоршаған орта сияқты география салаларының соңғы теориялары мен тұжырымдамалары туралы білім бере алады. География ғылымының даму үрдістері мен заманауи бағыттарын түсініп талдай алады.
2. Географияны оқыту әдістемесі, яғни оқу бағдарламаларын әзірлеу және бағалау дағдылары, оқыту әдістері мен стратегияларын таңдау және қолдану қабілеттері қалыптасады.
3. Педагогикалық технологияларды қолдану ақпараттық, мультимедиялық және онлайн технологияларды пайдалану, интерактивті оқыту әдістерін (жобалық оқыту, кейс-стади, дөңгелек үстелдер) қолдану, географиялық ақпараттық жүйелер мен виртуалды модельдеу құралдарын пайдалана алады.
4. Зерттеу дағдылары: Ғылыми әдістерді қолдану, зерттеу жүргізу және нәтижелерді талдау, оқыту процесінде зерттеу компонентін қамту дағдылары қалыптасады.
5. Педагогикалық дағдылар: білім алушылардың жеке қажеттіліктері мен деңгейлерін анықтау. Дифференциалды және жекелеген өзгешеленген оқыту дағдылары. Білім алушыларды ынталандыру және мотивациялау қабілеттерін қалыптастыра алады.
6. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау.Мақала жазу дағдыларын қалыптастыра отырып, диссертациялық жобаны жазуға білік пен дағды қалыптастыру.
7. Рефлексия және кәсіби өсу дағдылары: Өзін-өзі бағалау және кері байланысты пайдаланады. Сыныптарды бақылау және талдау қабілеттеріне ие. Кәсіби дамудың жеке жоспарларын әзірлей алады.
8.Білім алушылармен психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктері мен қажеттіліутерін ескере отырып, байланыс орната алады: Оқытушы білім алушылардың, соның ішінде ерекше қажеттіліктері мен қабілеттері бар білім алушылармен байланыс орната алады.
9. Аудиторияны басқару қабілеті қалыптасады: Мұғалімдер оң және инклюзивті оқу ортасын құру, білім алушылардың қатысуы мен қатысуын ынталандыру үшін сыныпты басқарудың тиімді әдістеріне құрай алады.
10. Табиғаттағы табиғи құбылыстар мен экологиялық процестердің заңдылықтарын талдайды; ақпараттық технологиялар, географиялық заңдар, модельдер және оларды кәсіптік қызмет барысында, сонымен қатар практикалық, ғылыми және зерттеу жұмыстарын орындау кезінде қолдана алады;.
11. Академиялық және кәсіби ортадағы ғылыми пікірталастарға қатысады; кәсіби қызмет нәтижелеріне жауапкершілік алады; бастама көтеріп, ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді таба алады.
12. Ынтымақтастық және көшбасшылық дағдылар жүйесі қалыптасады.Мұғалімдер географиялық білім беруді жақсарту үшін әріптестерімен, ата-аналарымен және қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп жұмыс істей алады.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
1. «География институты» ЖШС
2. «КАПЭ» ЖШС
3. «КАЗГИПРОГРАД 1» жобалау институты ЖШС
4. Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты
5. «Қазақстандық ГАЖ және қашықтықтан зондтау агенттігі» ЖШС
6. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ)
7. Қазақстан Республикасының ұлттық және аймақтық университеттері.
- Назарбаев Зияткерлік мектебі (НЗМ)
- №13 мектеп-гимназиясы
- №138 лицей
- Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия
- М.Мақатаев атындағы №140 гимназия
Байланыс
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, No 6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 102, 217, 321 ауд.
Калиаскарова Зауре Карымсаковна
тел.: +77052727099,
E-mail: zaure.kaliaskarova@gmail.com
БББ бойынша құжаттар
23123123